Талдықорған: +6°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ІЗГІ ТІЛЕГІН БІЛДІРДІ

16 желтоқсан 2020
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ІЗГІ ТІЛЕГІН БІЛДІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен барша жетісулықтарға ізгі тілегін жолдады. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

«Құрметті жетісулықтар! Еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік – бабалардың арманы мен аманаты, халықтың бағына бұйырған қастерлі құндылығы, үміті мен сенімінің, күш-жігерінің сарқылмас көзі, табанды тірегі. Тәуелсіздіктің арқасында бүгінде Қазақ елі Уақыт деген алып мұхиттың үстінде желкенін керген кемедей болашаққа бет түзеп келеді.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың терең талдауға, стратегиялық мақсаттарға негізделген салиқалы саясаты мемлекеттілікті қалыптастырып, дамудың жаңа белесіне жол ашты. Елдің ұлттық заңнамалары түзіліп, шегарасы шегенделді, жаңа астанасы бой көтеріп, экономикасы жаңа жүйеге бейімделді, тарихи жады қайта жаңғырып, қоғамдық сана жаңаша қалыптасты. Жүргізілген реформалар қоғамның сапалық тұрғыдан өзгеруіне, алға қойған мақсат-міндеттерге табанды түрде ілгерілеуге мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі алдымызға қойып отырған талабы да Елбасының осы сындарлы жолымен жалғасты әрі үйлесімді үндестікте.

Қашанда тәуелсіздік – киелі құндылығымыз, ынтымақты ел болу – асыл мұратымыз, өркениетке қадам басу – басты бағытымыз. Тұңғыш Президентіміз: «Тәуелсіз Қазақстан тарихының басты тағылымы мынада: кез келген тығырықтан жол тауып, кедергіні – мүмкіндікке, тәуекелді табысқа айналдырып, ең асқақ арманға қол жеткізу әркімнің өз қолында», – деген еді. Осы жолда жетістіктердің кілті, табыстың тетігі болған татулықты тұғыр етіп, еселі еңбекпен тәуелсіздікті одан әрі нығайтуға барша қазақстандықтармен бірге жетісулықтар да үлес қоса береді деген сенімдемін.

Құрметті жерлестер! Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, бейбіт өмір, шаңырақтарыңызға табыс пен молшылық, береке мен бірлік тілеймін!

Еліміз тыныш, болашағымыз кемел, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!» — делінген Амандық Ғаббасұлының құттықтауында.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

3 қараша 2026
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

3 қараша 2026
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

3 қараша 2026
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

3 қараша 2026
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

3 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.