«Қазгидромет» РМК-ның ескертуі негізінде 28 қыркүйекте Жетісу және Алматы облыстарында жел соғады. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Атап айтқанда, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Ал Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында солтүтік-батыстан жел тұрады. Жел екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.
ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және келесі сақтық шараларын ұстануға шақырады:
— қатты жел болған кезде үйде болыңыз, үйден шықпаңыз;
— үйлердің қабырғаларына, қоғамдық көлік аялдамаларына, жарнама тақталарына, ағаштардың астына, салынып бітпеген ғимараттардың жанына тығылуға болмайды;
— электр беру желілерінің астында тұруға және үзілген электр сымдарына жақындауға қатаң тыйым салынады;
— балаларды ерекше бақылау қажет және оларды қараусыз қалдыруға болмайды;
— үйде және жұмыс орындарында, ғимараттарда барлық есіктер мен терезелерді жабыңыз.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





