Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Amanat» Жетісу облысында жасанды интеллект арқылы білім сапасын арттыруды бастады

12 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
«Amanat» Жетісу облысында жасанды интеллект арқылы білім сапасын арттыруды бастады
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда ұстаздарға жасанды интеллектті оқу процесіне тиімді енгізуге бағытталған «Ustazga AI» бірлескен жобасы басталды. Бастаманы «AMANAT» партиясы мен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі бірлесе жүзеге асыруда.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында берілген тапсырмаларды орындауға бағытталған.

Осы бағыттағы нақты қадам ретінде биылғы «Mұғалім Talks» кейс-платформасында ҚР Парламенті Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов мұғалімдерге арналған Daryn.ai платформасының іске қосылғанын жариялады.

Жобаның басты мақсаты – педагогтерді жасанды интеллект технологияларын тиімді әрі жауапты қолдануға үйрету, олардың жұмыс жүктемесін азайтып, оқыту сапасын арттыру. Сонымен қатар, бағдарлама цифрландыру мен білім беруде тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі таңда жоба аясында Талдықорған қаласында «Daryn Ustaz» онлайн оқыту курстары басталды. Үш деңгейлі тегін бағдарлама ұстаздарға жасанды интеллект құралдарын оқу процесіне енгізіп, уақытты үнемдеуге және оқыту сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
«Ustazga AI» жобасы үш негізгі кезеңнен тұрады: Тегін онлайн курс. Барлық қазақстандық мұғалімдерге арналған «Жасанды интеллект педагогтың көмекшісі ретінде» атты тегін онлайн курс Daryn.ai платформасында

– Педагогикалық хакатон. Онлайн оқуды аяқтаған мұғалімдер арасынан үздік 400 педагог іріктеліп, «Мұғалім AMANAT» хакатонына қатысады. Бұл кезеңде ұстаздар «Мектепке арналған ЖИ шешімі» тақырыбында өз жобаларын қорғайды. Ең үздік 20 мұғалім халықаралық тағылымдамаға жолдама алады.

– Халықаралық тағылымдама. Хакатон жеңімпаздары 2026 жылдың маусым айында Оңтүстік Кореяда өтетін 7 күндік тағылымдамаға қатысып, білім беру саласындағы ЖИ технологияларын енгізудің үздік тәжірибесін зерделейді.

«Daryn Ustaz» педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру орталығының директоры Ерлан Әуелбекұлының айтуынша, бұл жоба педагогтердің кәсіби деңгейін жаңа сатыға көтеріп, білім беру жүйесін технологиялық тұрғыда жетілдіруге мүмкіндік береді. «Жасанды интеллект – ұстаздың орнын баспайды, керісінше, оның ең сенімді көмекшісіне айналады. “Ustazga AI” жобасы арқылы мұғалімдер жаңа технологияны өз жұмысына тиімді қолдануды үйреніп, оқушылардың білім сапасын арттыра алады», – деді ол.

Жоба еліміздің барлық өңірінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. «AMANAT» партиясы мен Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласын цифрландыру және заманауи технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

16 қараша 2026
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.