Талдықорған: +30°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ән әуелеп, күй шалқып, би тербеген

Жетісудың жүрегі Талдықорғанда ұлттық рухтың үнін, халықтың сезімі мен сағынышын жеткізетін бір киелі орын бар. Ол Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармония. Бұл шаңырақта тек әуен ғана емес, тұтас бір дәуірдің мәдени тынысы, елдің өнерге деген құрметі мен махаббаты тоғысқан. Аталған өнер ордасының IV концерттік маусымының ашылуы жоғары деңгейде өтті.

16.10.2025
КҮНДЕРЕК
Ән әуелеп, күй шалқып, би тербеген
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысынан бөлініп шыққан Жетісу облысының жаңа тарихы мәдениет пен руханиятты қайта түлетудің кезеңі. Әкімшілік құрылым жаңарған сайын өңірдің рухани болмысы да өз таңбасын іздейді. Осы тұрғыдан алғанда Жетісу облыстық филармониясына Дәнеш Рақышевтің аты берілуі кездейсоқ шешім емес, тарихи әділдіктің орнауы десек, артық айтпаймыз.

Дәнеш Рақышев тек әнші емес, қазақ өнерінің, Жетісу ән мектебінің дара тұлғасы. Оның орындауындағы әр ән – ел мен жерге деген сүйіспеншіліктің үні, ұлт болмысының айнасы.

Жетісудың мәдени келбетін айқындап, ұлттық өнердің рухын асқақтатқан филармония сахнадағы әрбір сәтін ел руханиятына арнаған, өнердің ыстығына күйіп, суығына тоңған жандардың ордасы.

Рухани ордадағы шығармашылық ұжымы тұтас бір мектеп, өнер мен руханияттың тірі шежіресі. Әрбір мүшесі өз ісінің шебері, ел мәдениетінің елшісі. Олар тек концерт қойып қана қоймай, халықтың көңілін баурап, ұлттық рухты жаңғыртып келеді.

Ұжымда домбыра мен қобыздың, сырнай мен жетігеннің үнін Мұқан Төлебаев атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі үйлестірсе, заманауи музыканың тынысын сездіріп, ұлттық сахнаны жаңа ырғақтармен байытып жүрген «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі композитор Әли Алпысбаев жетекшілік ететін эстрада-симфониялық оркестрі мен үрмелі аспаптар ансамблі. Мың түрлі қимылы арқылы тарих пен табиғатты сөйлете алатын бишілер тобының еңбегі де ерекше. Оларды өңірдегі барлық мерекелік шараның сәні мен салтанаты деуге болады. Ал қайсыбір әншісін алмайық, сахнада ғана емес, ел ішінде де мәдениет елшісіне айналған.

Маусымашар кеште ұлы тұлғаның рухы сезілгендей болды. Өнерпаздардың жүректен шыққан әрбір әуені Дәнеш салған дәстүрдің үзілмегенін, қайта жаңғырып, жаңа бояумен толысып келе жатқанын паш етті.

Сахна төрінде киелі өнер мектебінен нәр алған таланттар, ән дәстүрін жалғаған дарынды ұрпақ өнер көрсетті. Эстрада әншілері, вокалдық топтар, би ансамблі мен симфониялық оркестр музыканттары барлығы да өз өнерімен көрермен жүрегін тербетті. Заманауи ырғақ пен ұлттық нақыш үйлесім тапқан кеш әр тыңдарманды ерекше әсерге бөледі. Ән мен күйдің, би мен поэзияның үндестігі қазақ мәдениетінің мәңгілік мәнін тағы бір дәлелдегендей.

Филармонияның жаңа маусымы тың идеяларға, жас таланттарға, ұлттық өнердің жаңа тынысына жол ашты. Кеш шымылдығы көрерменге рухани серпіліс сыйлаған әсерлі композициялармен ашылды. Концерт барысында заманауи және ұлттық нақыштағы музыкалық қойылымдар қойылып, жанды дауыс пен шынайы эмоция көрермен көңілін сүйіндірді. Филармониядағы алдыңғы толқын, орта буын, кейінгі жастардың әрқайсысы жеке-жеке насихаттауға тұратын хас таланттар. Бүгінгі мақаламызда өнер ұжымына жалпылай баға беріп, алдағы маусымның да жемісті өтуіне тілегімізді білдіреміз.
Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның әрбір маусымы – талантты әншінің мәңгі өшпес үнімен, ұлттық өнерге деген құрметпен үндес. Ал бұл ашылу кеші – сол рухтың жалғасы, қазақтың асқақ мәдениетінің жаңғыру нышаны болды.

 

Филармония әртістері Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында өткен «Citadel Festival» халықаралық іс-шарасында өнер көрсетті.

«Жетісу» бишілер ансамблі республикалық «TURAN DANCE» байқауында «Халық биі» жанры бойынша бас жүлдегер атанды.

«Жетісу сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі композитор, дирижер, КСРО Халық әртісі Н. Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Құстар әні» республикалық фестиваліне қатысып, дипломант атанды. 

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Тартысқа толы чемпионат

Тартысқа толы чемпионат

04.07.2026
Дала қыраны қалықтайды

Дала қыраны қалықтайды

04.07.2026
Қалбырдағы сусынның қаупі қандай?

Қалбырдағы сусынның қаупі қандай?

04.07.2026
Бюджетке өзгеріс енгізілді

Бюджетке өзгеріс енгізілді

04.07.2026
«Тіршілік көзін» тұтынған

«Тіршілік көзін» тұтынған

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.