Облыста қант қызылшасын егу жұмыстары басталды. Өздеріңіз білетіндей, осы маусымда тәтті түбір егістігі шамамен бір жарым мың гектарға қысқарды. Өнімділікті арттыру мақсатында шаруалар инновациялық технологияларды игеріп, жаңа техниканы пайдалануда.
Биыл Қаратал ауданындағы балтамырға 760 гектар егістік жер берілді.
– Осы маусымда өңірде 22 мың гектарға әртүрлі дақыл егіледі. Біз қант қызылшасы егістігін қысқартып, бақша дақылдарын көбейттік. Осыған қарамастан, бағалы дақылды өсіргісі келетін шаруалар көп. Осының есебінен олар техниканы лизингке сатып алады. Өткен жылы қызылша өсірушілер 50 жаңа ауылшаруашылығы техникасын жаңартты. Биыл да өтінімдерді қабылдаймыз, – дейді Қаратал ауданының ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ілияс Саяқбаев.
Шаруалар лизингтік техниканы мемлекеттен 50 пайыздық субсидиямен сатып алады. «Бұл өте ыңғайлы», – дейді олар. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл 176 аграршыдан жаңа ауыл шаруашылығы машиналарын сатып алуға өтінімдер келіп түскен.
Марат Қоржынбаев жетекшілік ететін шаруа қожалығында қант қызылшасын егуге дайындық жүріп жатыр. Жұмыс күннен-күнге қыза түсуде. Осы уақытта сепкіштер мен басқа да аспалы қондырғыларға соңғы тестілеу жүргізілуде. Өткен жылы кәсіпорын лизингпен алынған жаңа техникамен толықты. Онда жас механизаторлар жұмыс істейді. Соның бірі Арман Басшыбаев.
– Бәрі компьютерленген, мониторлар бойынша аспалы агрегаттардың деңгейін реттейміз. Өткен маусымда жаңа комбайндар қант қызылшасын жинап, ауқымды жұмысты атқарды. Жаңа технологияларды қолдану өте ыңғайлы. Біз қазір жаңа отырғыштармен жұмыс істеуді үйренудеміз. Менің ойымша, егіс маусымы сәтті өтеді, – дейді механизатор Арман Басшыбаев.
Марат Қоржынбаевтың сөзінше, былтыр шаруашылықта бір гектардан 700 центнерге жуық тәтті түбір жиналған. Оған жаңа техниканың да көмегі тиген. Басқа дақылдарды да жақсы өсіреді. Бірақ, шешілмеген мәселелер бар. Ол өңірде қайта өңдеу кәсіпорындарының аздығы. Сондай-ақ, ол жұмысты жандандыруға субсидиялардың көп көмегі тиетінін, өңдеу жұмыстарына айрықша көңіл бөлу тиістігін, қалғаны өз ретімен атқарылатынын, бидай, жүгері, майбұршақ салатын жер қажет екенін жеткізді.
Айгүл БАЙБОСЫНОВА





