Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Аңызға арқау болған гүл

24 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Аңызға арқау болған гүл

massaget.kz

WhatsAppTelegramFacebook

«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында 1800 жоғары тамырлы өсімдік өседі. Қазіргі кезде парк аумағы бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша 952 жоғары сатыдағы өсімдіктердің мекендеу ортасы болып белгіленді. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасуда. Олардың 29-ы Қызыл кітапқа енген. Ерекше қорғаудағы өсімдіктің бірі һәм танымалы – Колпаков қызғалдағы.

Бұл гүлдің әлем таныған ғылыми атауы – Tulipa kolpakowskiana. Бұл гүл ұлттық парк аумағында Матай, Дегерес, Шолақ, Алтынемел тауларында және Көксу қаумалы аумағында жиі кездеседі. Биіктігі 15-30 см. болатын гүл сары түсті көпжылдық жуашықты өсімдік лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жатады. Қыс сызы кетпесе де наурыз айы туғанда бар-жоғы 7 күн, кейде 15 күнге дейін гүл ашып тұрады. Шыны керек, бұл өсімдік елімізде 1981 жылы жарық көрген Қызыл кітапқа енген әрі саны күрт азайып бара жатқан эндемикалық түр.

Жалпы, қазақ халқының ауыз әдебиетінде қызғалдақтар турасында аңыздар мен әңгімелер жеткілікті. Осы хикаялардың түпкі ой байланысын қарасақ, қызғалдақ тек даланың сұлулығын арттырушы өсімдік қана емес, мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, адалдықтың, бейбіт өмірдің, тазалық пен келісімнің, жақсылықтың белгісін бедерлейді. Сондай тәмсілдің бірі елге «Қыздан қалған дақ» деген атаумен таныс.

Ерте бір заманда дәулеті тасыған сараң бай өмір сүріпті. Оның жан дегенде жалғыз қызы болған екен. Байлықтан басқаны білмеген дүниеқоңызға «жалғыз қызым тұрмысқа шығып, бар жиғаным күйеу баланың қолына өтеді» деген арам ой маза бермеген. Ақырында қыр төсінде кетіп бара жатқан қызына біреулер қанжар сұғып өлтіреді. Бейкүнә қыздың қаны тамған жерге жалғыз түп гүл өсіп шығады. «Қыздан қалған дақ қой» дескендер гүлдің атын қызғалдақ деп атаса керек-ті.

Тағы бір тәмсіл, ел ішінде айтылатын қырдың қара қызғалдағы араға тоғыз жыл салып бір гүлдеп отырады екен. Алайда оны ұстауға болмайды. Киелі саналатын бұл гүл адамға кездесе бермейді. Ал көре қалған жағдайда гүлдің қай жерде өсіп тұрғанын тіс жарып ешкімге айтпаған адамның басына бақ қонады деседі.

Қандай өсімдік болмасын табиғаттың сыйы. Оны ешкім күтіп-баптамаса да таптауға, жұлуға болмайды. Сондықтан аңызға арқау қызғалдақтың жойылып кетпеуін, есесіне өркендеп, санының молаюына септесейік, замандас.

С. Елеусізов,
«Алтын – Емел» МҰТП Көксу қаумалы бастығы

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.