Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАРА ҚАЗАН

27 қаңтар 2024
КҮНДЕРЕК
ҚАРА ҚАЗАН
WhatsAppTelegramFacebook

Мен үшін үйдегі ең қымбат, қимас зат марқұм енемнің көзіндей болған қара қазан. Келін болғалы қазаным оттан түскен емес. Сонау тоқырау заманында дүкенде нан, газ жоқ кезде балаларға шеңгел шаптырып, қазанжаппа нан пісіретінбіз. Қазір ұлдарым есейіп кетсе де сол нанның қандай дәмді болғанын еске алып, қаладан келсе «тамақты қазанға пісіріңізші» деп балалық шақтың бал дәмін естеріне алады.

Қара қазанның тарихын арыдан айтатын болсам, 1920 жылдардың басында дүниеге келген енем бір отбасының жалғыз қызы. Екі ана мен әкенің ортасында ерке өскен апам, ер азаматша әкесімен бірге мал бағып, егін егіп, өжет қыз болып ерте есейген екен. Ел басына күн туған ашаршылық уақытыңда ата-аналары қайтыс болып, жалғыз қалыпты. Сол қиын кездердің бірінде ауылдық кеңестің басшысы жетім қызды қолына көмектесу мақсатында асырап алған. Бірақ кейін қожайын әйел үстіне әйел етіп, заңды түрде үйленіпті. Қырқыншы жылдары ол кісіні Шұбартау ауданына қызмет бабымен ауыстырып, кейін соғысқа аттанады. Сол бойы Екінші дүниежүзілік соғыстан қайта оралмаған. Ал апа екі кішкене баламен қалған. Көзге көрінген бала-шағаны жеткізу үшін ауыр еңбекке араласады. Колхоз жұмысында жүріп, балаларға көңіл бөлінбей, кіші баласы аурудан шетінеп кетеді. Апамыз тағдыр тәлкегінде қанша сыналса да өмірден күдер үзбеген. Қара қазанын арқалап жүріп, ұл мен қызын аман-есен өсіріп, қатарға қосқан. Мұндай ерлік біздің қолдан, сірә, келе қоймас.

Алғаш осы босағаға келін болып түскенімде апамның замандастары Омарбек, Асылбек, Серкебай аталар есектеріне өңгеріп, бір-бір қозыларын алып, қуанышқа ортақтасып, игі ниеттерін білдіргенін ұмыту мүмкін емес. Жалпы, ауыл – береке мен бірліктің ортасы ғой. Бірақ көзкөргендер азайып барады. Өмірдің заңы солай.

Қазақтың қара шаңырағы мен қара қазаны бір-біріне дем беріп, әулеттің тіршілігін жалғастыратын егіз ұғымдай. Сондықтан болар енем қазанды бос қоймайтын. Апам көңіл күйі болмаса қазанға су толтырып, от жағып, ысыған суға кір жуып, көңіліндегі кірбіңді сумен шайғандай болатын. Енемнің қара қазанға дайындаған асы ерекше еді. Кең жүректі, ақ ниетті, қайран енем…

Мен жұмысқа кеткенде балаларымды бауырына басып, бар мейірімі мен махаббатын  немересіне арнайтын. Бірде мен ауданға жиналысқа кетіп, кеш келдім. Сонда қатты ренжіп, маған сөйлемей қойды. Ертеңіне енемнен кешірім сұрадым. Қазір ойлап қарасам менің анда-санда айтқан «кешіріңізші» деген бірауыз сөзім отбасымыздың береке-бірлігін арттырып, сыйластығымызды нығайтқандай екен. Кешірім сұрағаннан адам кішірейіп қалмайды. Бүгінгі жас отбасыларға осы бірауыз сөз жетіспегендіктен де ажырасу көбейіп кетті деп ойлаймын.

Батыр Бауыржан атамыздың: «Қыз бала, яғни, әйел адам басқа отбасына сіңіп, ол отбасының барлық ауыртпалығына көніп, жеңе білген нағыз батыр» деген сөзіне толық қосыламын. Өткен ғасырда өмір  сүрген аналарды нағыз батырға теңер едім. Бүгінгі  ене мен келін арасындағы сыйластық, бірлік, береке ұзағынан болып, қазақтың қасиетті шаңырағындағы қара қазан оттан түспесін.

                                                                    Күлмән БОЛТАЕВА,
ардагер-ұстаз
Мұсабек ауылы
Көксу ауданы
Фото: Көрнекілікке алыды

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

Бүгін, 16:05
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

Бүгін, 15:00
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Бүгін, 14:48
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Бүгін, 14:45
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.