«Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Жыл үздігі – 2025» республикалық байқауы өтті. Әр сала бойынша үздік атанған мамандар Астана төрінде марапатталды.
Аталмыш байқауда әріптесіміз, облыстық «Jetіsý» газетінің тілшісі Медет Жұмабай ақпарат саласы бойынша жеңімпаз атанды. Осыған орай қадірлі әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Тың тақырыптарға түрен салып жүрген ізденімпаз тілшімізге қаламыңыз мұқалмасын, жазарыңыз таусылмасын демекпіз!
ІЗГІ ТІЛЕКПЕН: «Jetіsý»-лықтар





