ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бұл жұмыстар су шаруашылығы нысандарын тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету және олардың су өткізу қабілетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта су арнасының түбі мен жағалауына жиналған лай, қамыс, шөпті қоқыс, басқа да кедергілер арнайы техниканың көмегімен механикалық әдіспен тазартылуда. Яғни, бұл су ағынын күшейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол өз кезегінде су шығынын азайтуға септігін тигізіп, алдағы вегетациялық кезең ішінде оның тұрақты берілуін қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда ұзындығы 1 шақырымға жуық учаске тазаланды.
А. Ыбырай





