Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АРЫС: ЖАРЫЛЫС САЛДАРЫНАН 34 АДАМ АУРУХАНАҒА КЕЛДІ

24 маусым 2019
КҮНДЕРЕК
АРЫС: ЖАРЫЛЫС САЛДАРЫНАН 34 АДАМ АУРУХАНАҒА КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Арыстағы жарылысқа қатысты министрлер мен облыс әкіміне шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. «Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет», — делінген Президент тапсырмасында. Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің сайты хабарлады.

Осыған орай, Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағындағы жарылысқа байланысты аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Түркістан облысы әкімдігінің басшылық құрамы оқиға орнына барды. Әскерилер мен құқық қорғау органдары ТЖ аймағына келіп жетті.

«Төтенше жағдай жарияланды. Барлық аудан, жақын елді мекендер жұмылдырылды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның ауқымынан қаланы тұтастай эвакуациялау керектігін көріп тұрмыз. Барлық бағытта көліктер легі қозғалады. Адамдарды ала кетіп, арнайы ұйымдастырылған лагерьлерге жеткізеді. Аудандардың әкімдері өз командаларымен бірге лагерьлер ұйымдастырып, келген адамдардың тізімін жасап, кімдерді туыстарына, кімдерді қонақүйлерге орналастыру керектігін анықтау керек. Әр лагерьді аудан әкімі басқарады», — деді Ө.Шөкеев.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындар үш лагерге орналастырылады. Олар: Ақдала бұрылысы; 41-разъезд; Водозобор бағытында лагерлер. Аталған үш бағыт бойынша әскери көліктер, камаздар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда. Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады. Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіруде.

Төтенше жағдайға байланысты құрылған арнайы штаб қазіргі таңда көптеп тарап жатқан «Бөген» су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлік жұмыс істеуде.

Арыстағы төтенше жағдайға қатысты Түркістан облысы төтенше жағдай департаменті хабарлама таратты. Онда тұрғындарды жарылыс болған аймаққа, қауіпті затқа жақындамауға, қауіпті жерлерден тез арада кетуге, айналадағыларға қауіп туралы ескертуге шақырды. Сонымен қатар, эвакуация кезінде құжаттар және бірінші кезектегі қажет заттарды алуға, бүлінген конструкциялар мен жалаңаш сымдарды ұстамауға, құтқару қызметінің нұсқауларына сәйкес әрекет етуге үндеп, қандай да бір қиындыққа тап болған жағдайда Tүркістан облысы бойынша қауырт желі 8723-35-83-02 қызметіне хабарласуды ескертті.

Шымкент қаласы ТЖ департаментінде тәулік бойы «Қауырт желісі» 8 (7252) 44-94-72 жұмыс істеуде. Арыстағы төтенше жағдайға байланысты мегаполисте 14 эвакуациялық бекет ашылды. Қазіргі таңда қауырт желі сі бойынша 700-ге жуық телефон хабарлама келіп түсті. Қалада 15 эвакуациялық бекеті ашылды. Сонымен қатар Арыс қаласынан халықты көшіру үшін 40 автобус дайындалып, жіберілген. Ал ҚР Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта оқиға орнына арнайы комиссия жөнелтілген.

Арыстағы төтенше жағдайға орай Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды. Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200-ден астам науқасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көлігін Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды. Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын. Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды. Қазіргі кезде жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуация жасалды.

Жарылыс салдарынан Отырар ауруханасына 34 адам келген. Олардың барлығына медициналық көмек көрсетілген. Аудан әкімдігімен бірге жайғастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге салар болсақ, 24 маусым сағат 09:20-да өрт сөндіру қызметіне №44856 әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына облыстық ТЖД жеке құрамының 52 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Шымкенттегі кинологиялық қызметтің 23 адамы аттандырылды. Қазіргі таңда оқиға орнында өрт сөндіру шаралары мен эвакуациялық жұмыстар жүргізілуде. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер туралы әлі де ақпарат анықталуда.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00
Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Бүгін, 13:34

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.