Талдықорған: +30°C
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қаржы пирамидасына алданғандар көбейіп тұр

18.12.2023
КҮНДЕРЕК
Қаржы пирамидасына алданғандар көбейіп тұр
WhatsAppTelegramFacebook

«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, әуре етеді ішіне қулық сақтап, өзіңе сен өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап», — дейді хәкім Абай. Бірақ, данышпанның тілін неге алмаймыз? Біреу «жылдам баюдың жолын үйретемін» дейді, оған иланамыз. Бәз біреу «көп ақшаға кенелтемін» дейді, соған сенеміз. Тегін ірімшік қақпанда ғана болатынын былайғы жұрт ескермей ме? «Аңқау елге арамза молда» деген халықтың несібесі мен ырыс-берекесін алдап-арбап қалтасын қомпайтқандар мен сондай болуға ұмтылғандар көбейді. Сенбейсіз бе? Бір ғана Q-net алаяқтары 231 жетісулықты сазға отырғызған. Оның ішінде сол пирамида өкілдерінің «болашақта шалқып өмір сүресізіне» сенген бір жетісулық бақандай 3,8 млн. теңгесін бере қойыпты. Осылайша Жетісу өңірінен қой терісін жамылғандар 220 млн. теңгені қолды еткен.

Елімізде соңғы 5 жылда алаяқтық 10 есе өскен. Бұл ресми дерек. Соның ішінде қаржы пирамидалары қазақстандықтардың 200 млрд теңгеден астам қаржысын қолды қылған. Жуырда ғана 2017-2019 жылдары қазақстандықтардың алдап соққан алаяқ Украинадан ұсталып, Қазақстанға жеткізілген. Бір өзі қазақстандықтардың қалтасын 1,2 млрд теңгеге қаққан. Сұмдық сома. Мұндай тізімді тізбектей берсек жетіп артылады. Шыны керек, қысқа жіпті күрмеуге келтіре алмай жүрген жұртты алдап «тез байытамын», «аз қаржыға инвестор болып, көп ақшаға жеткіземін» дегендердің айы оңынан туып тұр деген сөз.

Жалпы, құқық қорғаушылар алаяқтардан сақтануға шақырудан танған емес. Жұрттың ырызғы-несібесіне қол сұғуды көздейтіндер заман ағымына сай тірлігін түрлендіріп келеді. Ал тегеурінді заң үстемдігін орнатушылар да сан айлалы қылмыскерлердің жолын кесуге түрліше қадамдарға баруда. Кибералаяқтықпен күресуге «Cyberpol» құрылымы жасақталды, ғаламтор әлеуетін пайдаланып «Кибербақылау», «Baiqa, piramida» жүйелері қолға алынды. Алайда нәтиже көңіл көншітпейді. Жұрт арбау мен алдаудың құрығында кетуде.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, қаржы пирамидаларының әлеуметтік желілерде аса белсенді екенін алға тартуда. Олардың айтуынша, алаяқтар әдетте «Instagram» желісінде белсенді екен. Жуырда ғана жетісулық құзырлы орган өкілдері тергеп-тексеру нәтижесінде тұрғындарды инвестициялық жобаға қаржы құюға шақырып, пирамиданы ашық жарнамалаған аккаунтты бұғаттаған. Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Ербол Құрманбаевтың айтуынша, бұл желі қолданушының парақшасы бұғатталмағанда талай жерлесіміз сан соғуы мүмкін болғандай. Одан бөлек, өңірде «Q-net», «Amanat drive» және «Elous» компанияларына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде «Q-net»-тің алаяқтық жолмен жұртты арбап жүргенін анықтаған.

 – Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында қаржы пирамидаларының әрекеттерінен азаматтарға келтірілген залал туралы өзекті мәселені көтеріп, олардың жолын кесу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды. Осы орайда қазір облыстық экономикалық тергеп-тергеу департаменті ІТ құралдарының көмегімен интернет желісінде қаржы пирамидаларын анықтауды қолға алды. Егер қаржы пирамидасының белгілері байқалған сайттар анықталса киберқадағалау жүйесі арқылы бұғаттау үшін уәкілетті органға жіберіледі. Одан өзге тұрғындар интернет ресурстарындағы қаржылық әрекеттерге күмән келтіретін желі парақшаларын «BAIQA, PIRAMIDA!» телеграмм ботында тексере алады. Бастысы әрбір адам қаржылық сауаттылықты арттыру маңызды, — деді Ербол Құрманбаев.

Облыстық экономикалық тергеп-тергеу департаменті бүгінде тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағытында да жұмыстар жүргізуде. Мектептерде, колледждерде түрлі семинарларды жиі өткізуде. Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Ербол Құрманбаевтың сөзінше, адал еңбек қана табысты арттырады. Шыны, сол аспаннан ақша жаумайды. «Тез мол қаржыға кенелемін» деп сан соқпас үшін жеке қаржыңызды қайда бағыттап жатқаныңызға мән беріңіз, оқырман. Бастысы, хәкім Абайдың тілін алыңыз!

Дастанбек Садық
Фото: aikyn.kz 

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісулық жеңімпаздарды марапаттады

Жетісулық жеңімпаздарды марапаттады

08.09.2026
Кітапханашыларға арналған жаңа портал іске қосылды

Кітапханашыларға арналған жаңа портал іске қосылды

08.09.2026
Министр болашақта жойылатын мамандықтарды атады

Министр болашақта жойылатын мамандықтарды атады

08.09.2026
Жұмыста жарақат алсаңыз не істеу керек? Еңбек инспекция төлем алу шарттарын түсіндірді

Жұмыста жарақат алсаңыз не істеу керек? Еңбек инспекция төлем алу шарттарын түсіндірді

08.09.2026
Емханаға тіркелудің жаңа ережесі: Жетісуда не өзгереді?

Емханаға тіркелудің жаңа ережесі: Жетісуда не өзгереді?

08.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.