Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ақши стансысындағы жұмыс қарқынды

26.09.2023
КҮНДЕРЕК
Ақши стансысындағы жұмыс қарқынды
WhatsAppTelegramFacebook

Еуразия құрлығын жалғап жатқан қазақ даласындағы теміржол Қытай мен Еуропа және Орталық Азия мен Араб түбегіндегі елдердің зат тасымалындағы маңызды өткелге айналды. Осы мүмкіндікті толық пайдалану үшін Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен өткен жылы Достық –Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдың құрылысы басталды. Құрылыс жұмысы Жетісу облысында қарқынды жүргізілуде.

Аталмыш жобаның құрылысы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында қолға алынған. Жалпы Достық жүк тасымалы бекетінен Мойынты стансысына дейінгі 836 шақырымдық екінші теміржол желісі отандық өнімнің экспортын ұлғайтуға және елдің транзиттік әлеуетін арттыруға тікелей ықпал етпек. Жобаға тасырыс беруші «Самұрық – Қазына» әл-ауқат қоры болса, оның құрылыс жұмысын «INTEGRA CONSTRUCTION KZ» ЖШС жүзеге асыруда.

Мамандардың айтуынша, құрылыс барысында 5 ірі, 87 шағын және орта масштабтағы көпір, 288 су жүргізу құбыры, 14 автожол өткелі, сондай-ақ, энергетика және байланыс нысанын салу жоспарланған. Құрылыс 2025 жылдың 4 тоқсанында аяқталады. Жоба қолданысқа берілгенде қазақстандық теміржол тасымалының қуатын арттырумен бірге «Қазақстан теміржолы жүк тасымалы» АҚ Алматы бөлімшесінің Достық жүк тасымалы стансының жұмысы да қыза түседі.

– Достық жүк тасымал стансысы 1991 жылы ашылды. Бүгінде Қытай мен Еуропа арасындағы контейнерлік ағынның 70 пайызы Достық стансысы арқылы өтеді. Жүктің көп бөлігін «Достық Транс терминалы» контейнерлік алаңы қабылдайды. Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру – елдің стратегиялық міндеттерінің бірі және біз оны мүмкіндігінше іске асыру үшін бар күшімізді салып жатырмыз.  Өткен жылғы жүк тасымалы осыған дейінгі рекордттық деңгейге жетіп, 23 миллион 120 мың тонна жүк қабылданып, өңделіп, жөнелтілді. Жүктің негізгі бағыттары: Қытай – Еуропа – Қытай, Қытай – Орталық Азия елдері, Қытай – Ресей елін қамтиды. Жыл басында биылғы 26 миллион 800 тонна жүк тасымалданады деп жоспарланған. Қазір 15 миллион тоннаға жуық жүк тасымалданды. Мұның ішінде Қазақстаннан Қытай тарапына 10 миллион 700 мың тонна жүк тапсырылса, Қытай жақтан 4 миллион 335 мың тонна жүк қабылданды. Ал 8 айдағы жүк тасымалы өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 119 пайызға артық орындалды. Бүгін де Достық транс терминалы 13 контейнерлік пойызды құруға және жөнелтуге қауқарлы. Онда 600-ден астам адам жұмыс атқарады. Осы жылдың 4 тоқсанында жүк тасымалының транзиттік әлеуетін арттыру бағытында еуростандартқа сай терминал ашылмақ. Инфрақұрылымын дамыту мақсатында үлкен саябақ салу жоспарда тұр. Сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай тарапы жүк өткізу бекетінің мүмкіндігін кеңейтуге байланысты жаңа келісімдер жүргізуде. Ол келісім жүзеге асса жұмысымызға серпін берері анық. Енді Достық – Мойынты теміржол учаскесінің екінші жолының салынуы теміржолдағы жүк тасымалының жылдам әрі заманауи стандартқа сай жұмыс жүргізуіне ықпал етеді, – дейді Достық жүк тасымалы стансысының басшысы Мақсат Мәмбетқұлов.

Демек, Достық – Мойынты теміржол учаскесінің екінші жолы Жетісу облысы аумағында биыл жаз айында басталды. Жыл соңына дейін Достықтан Сайқан стансысына дейінгі 4 участікте теміржол төсеу жоспарланған. Қазір Достық-Ақши учаскесінде жұмыс қарқынды жүріп жатқанын көрдік:

– Достық пен Мойынтыға дейінгі әр учаскеде жұмыс қызу жүріп жатыр.  Жетісу өңіріндегі  теміржолды салу міндеті «INTEGRA CONSTRUCTION KZ» ЖШС-нің оңтүстік дирекциясына тапсырылған. Қазір Ақши стансысы аумағындағы кірме жолдарды тазалау, жол салынатын жерді тегістеу мен тас төгу жұмысын атқарудамыз. Осы учаскеде 120-ға жуық адам жұмыс атқаруда. Теміржол құрылысын жүргізуге қажетті жеңіл және ауыр техника толық жабдықталған. Биылғы жоспарды жыл соңына дейін толық орындаймыз, – дейді «INTEGRA CONSTRUCTION KZ» ЖШС оңтүстік дирекциясы директорының орынбасары Орынбасар Құлпейісов.

Бұл учаскедегі жұмысшылардың бір тобы кірме жолдарды бұрындары төселген релстен тазалап жатса, енді бір бөлігі теміржол төселетін жерге тас төгіп, тағы бір топ техникасы оны жаймалап, шыңдап, жанталас жұмыс жүріп жатыр. Құрылыс жұмысына жергілікті тұрғындар тартылыпты. Олардың айлық табысы да жақсы. Ертеңгі күні ел әлеуетін өсіруге жұмыс атқаратын жаңа жоба бүгінде жергілікті жұрттың әл-ауқатын арттырып жатқанын көрдік.

Қажет Андас
Ақши ауылы
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

23.07.2026
Қараталда экологиялық рейд өтті

Қараталда экологиялық рейд өтті

23.07.2026
Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

23.07.2026
Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

23.07.2026
Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.