Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әскерге шақыру толық автоматтандырылады

21 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
Әскерге шақыру толық автоматтандырылады

Фото: Қорғаныс министрлігі

WhatsAppTelegramFacebook

Қорғаныс министрлігі цифрлық жүйелер әскери қызметке шақырудың барлық негізгі кезеңдерін жеңілдеткенін мәлімдеді. Астанада өткен баспасөз турында Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев журналистер мен блогерлерді аталған жобаның негізгі артықшылықтарымен таныстырды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы inform.kz  сайтына сілтеме жасап.

Жиында әскери есепке алу және мерзімді әскери қызметке шақыру жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу нәтижесінде процестерді оңтайландыру және азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру мүмкіндігі пайда болғаны айтылды.

Фото: Қорғаныс министрлігі

– Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу» ақпараттық жүйесі арқылы жеке әскери есепке алу жүргізіледі және мемлекеттік органдар арасындағы дерек алмасу жеделдетіледі. Бұл ретте «е-Медосмотр» жүйесінің де айтарлықтай артықшылықтары бар. Бұл жүйе медициналық тексеруден өту үдерісін автоматтандырады, яғни азаматтардың әскери қызметке шақырылуына дейінгі кезеңді толық цифрландырылған түрде өткізеді, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Қалалық жинақтау пунктінде Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілдері журналистерге «Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу» және «е-Медосмотр» ақпараттық жүйелерінің интерфейстерін көрсетті. Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Арман Сарин «Smart военкомат» жобасы бірнеше жылдық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.

Мемлекеттік деректер базаларымен интеграция арқасында азаматтардың әскери есепке қойылуы автоматтандырылған, ал 17 жасқа толған жасөспірімдер автоматты түрде жергілікті әскери басқару органдарына тіркеледі.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Сондай-ақ, азаматтардың әскери қызметке шақырудан босатылуы немесе кейінге қалдырылуы үшін ешқандай анықтама мен құжат жинаудың қажеті жоқ. Электрондық түрде шығарылған шақыру бұйрықтары автоматты түрде қаржы ұйымдарына жіберіледі, бұл өз кезегінде кредиттік демалыстарды рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Интеграциялық шлюзді модернизациялау биыл әскери-техникалық мектептерде оқуға жіберу бағытындағы кезекті автоматтандыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдауға арналған «Жауынгер» модулі енгізілді.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Баспасөз турына қатысушылар дәрігерлер мен Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Бұған қоса, олар «е-Медосмотр» ақпараттық жүйесінің артықшылықтарын да көрді. Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базаларымен тікелей интеграция жасау арқылы шақыруға жататын азаматтардың денсаулығы туралы ақпарат жедел түрде алынуы мүмкін. Бұл медициналық тексеруден өту процесін жылдамдатады. «е-Медосмотр» жүйесі шақырылушылардың цифрлық медициналық картасын қалыптастырады, әрі 100-ден астам медициналық параметр бойынша деректерді алуға мүмкіндік береді.

Полковник А. Сариннің айтуынша, «е-Медосмотр» жүйесін тестілеу Астана, Шымкент қалаларында және Қарағанды облысындағы Абай қаласында сәтті өткен.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Баспасөз турын ұйымдастырушылар «Smart военкомат» жобасын енгізу азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттырғанын, әкімшілік жүктемені төмендеткенін және мемлекеттік қызметтерге деген сенімді нығайтқанын атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Бүгін, 16:17
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгін, 15:26
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33
Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.