Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты

1 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы соңғы 30 жылда Қазақстан мен Словенияның өзара құрметке негізделген берік саяси-дипломатиялық байланыс орнатқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, кешегі келіссөздер барысында тараптар қос халықтың игілігі үшін экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады.

– Қазақстан – аймақтағы экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан ірі елдердің санатында. Былтыр еліміздің экономикалық өсімі 4,8 пайыз деңгейінде болды. Бұл болжанған жаһандық өсімнен 1,5 есе жоғары. Ішкі жалпы өнім көлемі 288 миллиард долларға жетті. Біз ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыра отырып, осы даму көрсеткішін сақтауға ниеттіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстанның Еуразиядағы жетекші сауда әрі логистика хабына айналуға ұмтылатынын, оған өзінің стратегиялық тұрғыдан орналасуы мүмкіндік беретінін атап өтті.

– Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде, Орталық Азия аймағында және Қытайда тұратын 1,5 миллиардтан астам тұтынушыға тікелей шығу мүмкіндігін ұсына алады. Еліміздің аумағы арқылы өтетін жүк тасымалының көлемі былтыр рекордтық көрсеткішке, яғни 514 тонна-шақырымға жетті. Қазіргі уақытта Қазақстан Еуропа мен Қытай арасындағы құрлықтық алыс-берістің 90 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Біз Орта дәліз және Солтүстік – Оңтүстік секілді халықаралық күре жолдарды белсенді түрде дамытуды қолға алдық. Ақтау және Құрық порттары Каспий теңізіндегі жүк тасымалында маңызды рөл атқарады. Аталған теңіз айлақтарынан жөнелтілетін жүк көлемі былтыр 4,5 миллион тоннаға жетті (2023 жылғы 2,5 миллион тоннамен салыстырғанда 62 пайыз өсім). Бұл – рекордтық нәтиже. Осы орайда көлік байланысын күшейтіп, сауда-саттықты жандандыру үшін Словенияның ең ірі Копер портымен тәжірибе алмасуды және серіктестікті тереңдетуді көздейміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өнеркәсіп және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты екіжақты қарым-қатынастың перспективті бағыты ретінде атады. Президенттің пікірінше, қазақстандық мұнайдың 70 пайызға жуығы Еуропа Одағы елдеріне экспортталады. Барланған табиғи газ қоры 3 триллион текше метрге жетеді. Ал көмір кеніші 34 миллиард тоннаны құрайды, бұл ретте еліміз әлемдік ондыққа кіреді.

– Бүгінде Қазақстан ЕО экономикасы үшін аса маңызды 34 сирек кездесетін минералдың 19 түрін өндіреді. Осы сектордың әлеуетін толық пайдалану мақсатында әлемнің жетекші компанияларымен прагматикалық формулаға сай, яғни «шикізат орнына инвестиция мен технология» деген қағидаға сүйене отырып әріптестік құрамыз. Халықаралық ірі компаниялардың көбі Қазақстандағы жасыл энергетикаға инвестиция құяды, олардың арасында Францияның Total, Италияның Eni, Біріккен Араб Әмірліктерінің Masdar және Германия мен Швецияның Svevind Energy Group компаниялары бар. Словенияның Iskra, Gorenje сияқты озық компаниялары біздің нарықта табысты жұмыс істеп келеді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы еліміз ауыл шаруашылығына баса назар аударатынын, бұл сала жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешуде негізгі рөл атқаратынын атап өтті. Бүгінде отандық ауылшаруашылық өнімдері әлемнің 70-тен астам еліне экспортталады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін жоғары технологиялы сектор ретінде қайта құру жоспары жөнінде баяндап, словен серіктестерін бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды.

Президенттің пікірінше, словениялық Krka, Lek секілді алдыңғы қатарлы компаниялармен фармацевтика саласындағы ықпалдастық еліміздің ішкі өндірісін ұлғайтып, технологиялық әлеуетін кеңейтуге септігін тигізеді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Словенияның қарқынды дамып келе жатқан инновациялық IT cекторын ғылыми зерттеулер, стартаптар және технологиялық білім беру бағытында ынтымақтастық орнатуға үндеді.

Қазақстан Президенті қаржы қызметі мен инвестициялар саласындағы байланыстарға айрықша мән берді. Ол Словенияның іскерлік топ өкілдерін Астана халықаралық қаржы орталығының әлеуетін зерделеп, аталған экожүйеге қосылуды ұсынды.

Ақорда

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.