Талдықорған: +7°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖЕТІСУЛЫҚ 200 БАЛДЫРҒАНҒА ТОСЫНСЫЙ ЖАСАДЫ

25 желтоқсан 2020
КҮНДЕРЕК
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖЕТІСУЛЫҚ 200 БАЛДЫРҒАНҒА ТОСЫНСЫЙ ЖАСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаңа жыл қарсаңында Алматы облысының 200 жеткіншегі ел Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ сыйлығына қол жеткізді. Жаңажылдық сый балаларға «Қазпошта» АҚ қызметкерлерінің жеткізуімен бір мезетте берілді. Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ өз қолымен жеті жеткіншекке Президент сыйлығын табыстап, мерекемен құттықтады. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Облыс басшысы биыл жылдағыдай жаңажылдық шырша тойы ұйымдастырылмағанымен балаларды қуанту жағы ұмыт қалмағанын, жас жеткіншектерге қашанда мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтып, соның бір айғағы ретінде оқуда озат, өнерлі, талапты, спортта жетістікке жеткен оқушылардың бүгінде Президент сыйлығына қол жеткізіп жатқанын атап өтті. Әрбір баланың көкейінде бір арман жүретінін жеткізіп, алдағы жылда сол армандардың орындалуын тіледі. Бұдан соң балаларға қыстық сырт киім, етік, жаңажылдық тәттілер табыс етті. Бұған қосымша «Айналайын» балалар үйінің үш жеткіншегіне планшет сыйға тартылды. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасының 200 жеткіншегіне де «Қазпаошта» арқылы осындай сыйлықпен қатар Президенттің құттықтау хаты, Абайдың кітабы, «Қазақ халық ертегілері» жинағы жеткізілді.

Өз кезегінде оқушылар әсем шырша аясында Аяз ата, Ақшақарға өлең-тақпақтарын оқып, ізгі тілектерін ақтарысты. Талдықорған қаласындағы №25 орта мектептің жеткіншегі Ілияс Серікұлы спорттың жанына жақын екендігін айтса, №2 орта мектептің 5-сынып оқушысы Рауза Хамзина дзюдомен айналысып жүргенін әңгімеледі. «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушісі Константин Пономаренко:

– Талдықорған қаласы күн сайын көркейіп келеді. Осындай қалада тұрудың өзі қуаныш, әрі үлкен мақтаныш. Қаншама әсем ғимараттар бой көтерді?! Демалыс, спорт орындары ашылды. Енді жабық бассейннің ашылуын асыға күтіп жүрміз. Осындай мүмкіндіктерді ашып, Жаңа жыл қарсаңында балаларға қуаныш сыйлап жатқан Президентіміз бен облыс әкіміне алғыс айтамыз, – деді.

«Қуанса, бала қуансын» демекші, жас жеткіншектердің шынайы шаттығы, балғын тілегі әрбір жүрекке жылу сыйлады. Лайым, балдырғандарымыз күліп, қуанып, шырайлы шырша жанында ән шырқап, би билеп, балалық шақтың тек бал дәмін ғана татып жүрсе екен деп тіледік біз де.

Алма ТОПАНТАЙ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Бүгін, 18:29
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

Бүгін, 17:55
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

Бүгін, 17:30
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Бүгін, 17:25
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

Бүгін, 16:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.