Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АУЫЛҒА МАМАН КЕРЕК

10 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
АУЫЛҒА МАМАН КЕРЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Ауылды сақтап қалу керек. Ол үшін жастардың маман иесі атанғаннан кейін туған өлкелеріне оралып, оның өркендеуіне үлесін қосқаны абзал. Осы ретте «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Кербұлақ ауданына қарасты Бостан ауылында «Мәртебелі мамандық» атты шара ұйымдастырылып, ел дамуына еңбегі сіңген ардагерлермен кездесу өтті.

Бостан ауылындағы Науқанбай Әлмұхамбетов атындағы орта мектеп ұжымы аудан, ауылдардан келген қонақтарды сән-салтанатпен қарсы алды. Қазақы дастарқан жайып, ән әуелетіп, шашу шашты. Ел алдында жүрген тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіп, төрге оздырды.

Келген қонақтар әуелі ғалым-математик, математика ғылымдарының кандидаты Науқанбай Әлмұхамбетовтың атына берілген кабинетке бас сұқты. Мұражайдағы ғалымның еңбектерімен танысып, тіршілігінде қолданған бұйымдарына көз жүгіртті. Еңбегі ерен азаматтың өмір жолынан ақпар алды.

– Кербұлақ ауданының ауылдық кітапханасында «Мәртебелі мамандық» атты «Көш керуені» жалғасын табуда. Бұл игі бастаманың біздің ауылда да өтіп жатқаны қуантады. Біз мектептегі оқушылардың болашақта өз мамандықтарын таңдауда қателеспеуіне ықпал етуіміз керек. Сондай-ақ, олар таңдаған мамандық Қазақстанның дамуына, ауылдың көркеюіне үлесін тигізуі қажет. Ұйымдастырып отырған шара да осы негізде өткізіліп отыр. Жалпы осы елді мекенде 500-ден аса халық тұрады. Мектебімізде 85 оқушы оқиды. Жұмыс тапшылығына байланысты ауылдан көшіп жатқан адамдар да жоқ емес. Оқу ошағында бала саны азайып жатқандығы алаңдатады. Ауылды сақтап қалу үшін жұмысшы мамандар барлық жерге керек, – дейді Н. Әлмұхамбетов атындағы орта мектептің директоры Нұргүл Артықбаева.

Шара шеңберінде кітапханашылар «Мәртебелі мамандық» атты кітап көрмесімен таныстырды. Көрмеге көрнекті жұмысшы кәсіп өкілдерінің өмірбаяндары туралы әдебиеттер және Кербұлақ ауданына, Бостан ауылына еңбегі сіңген азаматтар жөнінде туындылар қойылып, библиографиялық шолу жасалды.
Жиында облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры Думан Алтынбекұлына сөз берілді. Ол жұмысшы мамандықтар жөнінде әңгіме өрбітіп, ауылдың өркендеуі үшін жастардың қандай мамандықта оқуы керектігі жөнінде ой бөлісті. «Көш керуен» жобасы аясында ауыл өміріне белсене араласып, еңбек еткен ардагерлер Нұрқия Усабаева, Әшім Төлегенов, Құдайберген Ақбаев, Майра Доспанбетова, Бейбіт Меркебаев, Айдай Жылкелдиева өмір жолдарындағы оқиғалармен бөлісіп, оқушыларға бағдар боларлық ақыл айтты. 

– Сексеннің жетеуіне келсем де тыным тауып отыра алмаймын. Үй шаруасына араласып кетемін. Мұның бәрі жастайымнан еңбектенгеннен деп ойлаймын. Құдайға шүкір, осы денсаулықты берген. Жастар еңбектенсе екен деймін. Олар еңбектенсе бай болады. Қазір немерелерімді де еңбекке баулып келемін. «Жұмыс жоқ, жұмыс жоқ» деп жата беруге болмайды. Істеймін деген адамға жұмыс табылады. Бастысы, көзін таба білу керек. Жастарға сенім артуға болады. Олар үшін Үкімет барлық жағдайды жасауда, – дейді ауыл тұрғыны Нұрқия Ұсабаева.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Онда Шұбар ауылдық округінің мәдениет қызметкерлері мен мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Өнерпаздар көпшіліктің қошеметімен, ыстық ықыласына бөленді.
Шара соңында Кербұлақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасы КММ-нің директоры Гүлмира Өтегенова сөз алып, көпшілікке ізгі тілегін білдірді.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.