Талдықорған: +4°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАЙЫЛЫМҒА ЗӘРУ: ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНА АРДАГЕР ҮН ҚОСТЫ

1 қыркүйек 2021
КҮНДЕРЕК
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАЙЫЛЫМҒА ЗӘРУ: ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНА АРДАГЕР ҮН ҚОСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халқымызға арнаған кезекті Жолдауын жасады. Бұл жолғы маңызды құжатта Мемлекет басшысы ел өміріндегі көптеген түйінді мәселелерді қозғады. Халықты шынайы толғандырып жүрген жайларды алға тартты. Жолдау сонысымен құнды да маңызды десем, артық айтпаймын.

Мен облыс орталығынан ең шалғай таулы өңірге орналасқан Кеген ауылында тұрамын. Ұзақ жылдар мектепте қазақ күресінен жаттықтырушы болып еңбек етіп, зейнет демалысына шықтым. Одан бері де біраз жылдар өтті. Ауылда тұрған соң мал ұстаймыз.

Біз, мұғалімдер, мал жайылатын, шабындық жер дегеннен мүлде қалыс қалған жандармыз. Президент ауылда мал жайылатын жердің жоқтығын орнымен сөз етті. «Өйткені, мұндай алқаптарды кейбір белгілі адамдар иеленіп алған. Тіпті, оны адам аяғы баспайтындай етіп қоршап тастаған. Әкімдер түрлі себепті сылтауратып, ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, сол ахуалды өзгертетін батыл шешімдер қабылдауы тиіс», – деді Мемлекет басшысы Жолдауында.

Бұған қуанып қалдым. Өйткені, Кеген ауданы тұрғындарының үні Президентке жетіп жатыр. Аудандағы көптеген алқапты белгілі адамдар иеленіп алған. «КазМЯСО» деген компания «Ақтасты» ЖШС деген серіктестікті қарамағына алып, «Жаңа Ақтасты» деген серіктестік құрғызып, Тасашы ауылдық округінің сан мыңдаған жерін алып, адам аяғы баспайтындай етіп қоршатып тастады. Тіпті, олардың Қарқара жайлауында да мыңдаған гектар қоршалған жері бар.

Сөйтіп, аталған ауыл тұрғындары мал жаятын жерге зәру. Мал азығын дайындайын шабындық алқапқа мұқтаж. Округтегі шұрайлы жердің денін аталған «КазМЯСО» алып алған. Қарқара жайлауында бұрын Кеген ауданында әкім болып жұмыс істеп, кейін қалаға көшіп кеткен бір адамның мыңдаған гектар қоршалған жері бар. Аталған жердің шөбін шаптырып, өңір тұрғындарына сатқызып, пайда тауып келеді. Оның кім екенін аудан тұрғындары жақсы біледі. Жердің жақсысын иемденіп алған ықпалды адамдар жетерлік.

Бұл тұрғыда аудан тұрғындары Президентке ашық хат жолдаған болатын. Бұл Мемлекет басшысына да жеткен сияқты. Енді Үкімет қолына алып, нәтиже шығып жатса, нұр үстіне нұр болмақ.

Шеризат МЕКЕБАЕВ,

Кеген ауылының тұрғыны, ақын, ардагер спортшы

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

31 қазан 2026
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

31 қазан 2026
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

31 қазан 2026
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.