Талдықорған: +35°C
$ 476.75
€ 541.59
₽ 6.06
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АҚЫРЫП  ТЕҢДІК  СҰРАҒАН…

17.12.2023
КҮНДЕРЕК
АҚЫРЫП  ТЕҢДІК  СҰРАҒАН...
WhatsAppTelegramFacebook

Желтоқсан көтерілісі жалпы Кеңес одағы көлеміндегі бірінші болған демократиялық ұстаным мен тоталитарлық режим арасында  алғашқы ашық та жойқын қақтығыс. Бейбіт сипаттағы наразылық шеруін өзіне төнген қауіп деп санаған саяси дәрменсіз билік құқық қорғау органдары қызметкерлері мен арнайы әскери күштерді іске қосты. Шеруді күш қолданып тарату барысында саперлік күректер, үйретілген иттер мен газетке оралған темір сойылдар, су шашатын машиналар қолданылды.

Адам шығыны белең алып, шеруге қатысушыларды тұтқындау және қозғалған қылмыстық істерде, сот-тергеушілік жұмыстары кезінде дөрекілік пен өрескел заңсыздықтарға жол берілді. Уақытша ұстау орындары, арнайы бөлімдерге және тергеу бөлімшелеріне жеткізілгендердің, бет қарыған  аязда автокөліктерге тиеліп, әскери күзетпен қала сыртына әкетілген  адамдарды қоса есептегенде, ұзын саны 8,5 мыңға жетті. КСРО – ның Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен жоспарланған «Құйын – 86» операциясы негізінде көтеріліс асқан қатыгездікпен басып жаншылды.

Сөйтіп, 99 адам сотталып, екеуі өлім жазасына кесілді (Қ. Рысқұлбеков, М. Әбдіқұлов). 787 адам комсомол қатарынан шығарылып, 271 адам оқу орнынан босатылып, Ішкі Істер министрлігінен 1200, Денсаулық сақтау және Көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. Өсылай, осынау тарихи оқиғаға қатысушыларды саяси тұрғыдан қуғындау мен жазалау, соттау шаралары қатаң түрде жүзеге асырылды.

Ұлттық рухтың жаңғыруының бастауы болған қазақ елінің  ұлт-азаттық күресі тарихындағы осы бір ерекше құбылыс өз кезегінде КСРО кеңістігіндегі ұлттық-демократиялық қозғалыстардың жаңаша серпінмен жедел түрде дамуына үлкен септігін тигізді. Яғни, Желтоқсан көтерілісі – қоғамның саяси өміріндегі демократиялық ұстанымдарға ерекше тың серпіліс берді. Дүмпуі республика аумағынан асып, Шығыс Еуропадағы социалистік бағыттағы елдер мен КСРО құрамындағы басқа да республикаларға жетті. Қазіргі таңда осынау қазақ жастарының «Желтоқсан көтерілісі» аталмыш елдердің жеке тәуелсіздік алуы мен мемлекеттік егемендіктерін жариялауына тікелей ықпал еткен «Орасан зор ерлік!» екендігі тарихи ақиқатқа айналды.

Сол бір ел басына күн туған жылдары қазақстандық демократ жастардың толқуынан басталған «Желтоқсан қозғалысы», «Желтоқсан оқиғасы» ұйымдарының өмірге келуі, қазақ жастарының ұлтжандылығының жарқын көріністерінің бұлжымас айғағы. Міне, осынау киелі істің заңды жалғасы қазіргі кезде тәуелсіз республикамыздың барлық аумағындағы қоғамдық келелі істерге еркін араласып,  еліміздің дамуына сүбелі үлесін қосуда.

Иә, олар 70 жыл билік құрған коммунистердің қанқұйлы тоталитарлық режимінің күйреп, тарих сахнасынан кетуіне және Одақ құрамындағы 15 одақтас республиканың әрқайсысының дербес мемлекет болуына алғаш жол ашқан демократияның қарлығаштары болып тарихқа енді де. Аралықта өткен 37 жылдан астам уақыт ішінде әміршіл-әкімшіл жүйенің тас-талқан болуына себепші – Алматыда болған 1986 жылғы «Желтоқсан көтерілісі» екендігін алыс-жақын шет ғалымдары мен саясаткерлері толық мойындады десек те жаңылыспаймыз.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып 2016 жылы 25 қазанда Астана қаласындағы «Radisson» қонақүйінің конференц-залында «Қазақстандағы Желтоқсан (1986ж.) көтерілісінің тарихи және халықаралық маңызы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өткен-ді. Аталмыш шараға әлемнің 10 елінен түрлі ғылыми сала өкілдері, зерттеуші ғалымдар мен ҚР ҰҒА-ның екі академигі, 3 корреспондент-мүшесі, 21 ғылым докторы және 20-дан астам ғылым кандидаты қатысып, алғаш рет жан-жақты тұжырымдама жасалып, әрі терең баға берілді. Мәселен,  Түркия, Польша, Венгрия мен Ресей, Монғолия тағы басқа елдерден келген зерттеуші ғалымдар осы Халықаралық конференцияда бұл көтерілістің құндылығы Кеңес империясы мен «социалистік лагерьдің» ыдырап, демократиялық және ұлт-азаттық үрдістердің пайда болып тез қарқын алуына бірден-бір күшті ықпал еткен саяси қадам болғандығын шынайы дәлелдермен нақтылады. Демек, бұл тарихи оқиғаның халықаралық маңызына толыққанды нәтижелі талдаулар жасалды деген сөз.

Және жасалған конференция баяндамаларында: «Бұл көтеріліске қатысушылар: сапер күректері, сойылдармен қаруланған арнайы әскерилер мен әскери училище КСРО Ішкі істер министрлігінің оқу орындары курсанттары және қала зауыттарында әдейілеп дайындалған темір, болат құбырлар кесінділерімен, арматурамен қаруланған «жасақшылардың» (ДНД) аяусыз ұрып-соққанына қарамай қарсы тұрған ерен ерліктері өшпес әріппен таңбаланып тарихта қалды. Алматы көшелерінде соққыға жығып қудалағаны аздай, абалаған иттерімен, БТР, милицияның ерекше отрядының жазалауымен бірге, 20 градус аязда суық су шашқанына да қарамастан қазақ ұлтының қайтпас қайсарлығы мен Азаттық пен Тәуелсіздікке деген таймас табандылығын көрсетті. Аяусыз басып-жаншылуына қарамастан көтеріліс үш күнге созылды…» – деп атап өтті.

Міне, сол қасіретті көтерілістің  бел ортасында болған Қайрат Рысқұлбеков, жерлестеріміз жаркенттік Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова тағы басқа көптеген қазақтың өрімдей ұл-қыздары Тәуелсіздік жолында құрбан болды. Олардың аруақтары алдында бас иіп, ел мен жердің азаттығы жолындағы жан қиған ерліктерін жан-жақты насихаттап, жас ұрпаққа өнеге ету басты парызымыз.

Қали ИБРАЙЫМЖАНОВ
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
Желтоқсан ардагері
Фото: qazdauiri.kz 

Қатысты жаңалықтар

Өндіріс орны оң өзгерістерге бастайды

Өндіріс орны оң өзгерістерге бастайды

29.07.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Тарихи белес

29.07.2026
Сирек дертке шалдыққандарға медициналық көмек қалай көрсетіледі?

Қазақстанда онкологиялық ауруды анықтаудың жаңа әдісі енгізіледі

29.07.2026
Жапонияда жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 13-ке жетті

Жапонияда жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 13-ке жетті

29.07.2026
1 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

1 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

29.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.