«Қазақмыс» компаниясы 22 қараша күні №2 Жезқазған байыту фабрикасында болған жазатайым оқиға туралы мәлім етті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Конвейер механизмімен қысылу нәтижесінде 1980 жылғы конвейер машинисі өлімге алып келген жарақат алды. Жедел жәрдем қызметкерлері жарақат алған адамның қайтыс болғаны жайлы мәлімдеді.
«Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», — делінген хабарламада.
Дереккөз: Kazinform.
Фото: inbusiness.kz





