Талдықорған: +8°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстан қағидаттарын ұстануға тиіспіз

7 қазан 2023
КҮНДЕРЕК
Қазақстан қағидаттарын ұстануға тиіспіз
WhatsAppTelegramFacebook

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы біздің нақты артықшылықтарымызды тиімді пайдалануға негізделетінін атап өтті.

Мәселен, өңдеуші өнеркәсіп саласы сияқты. Мұнай, газ және көмірхимия металдарын терең өңдеу, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автокомпоненттер мен тыңайтқыштар өндірістеріне жаңа дем беру керек. Мемлекет басшысы Үкіметке ұзақ мерзімдер, шексіз шағымдану және ашықтықтың жеткіліксіздігі секілді ағымдағы жүйенің проблемаларын жою мақсатында мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа жүйесін енгізу мәселесіне байланысты берген тапсырмасы туралы айтты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем», – деді. Жолдауда қозғалған аса ауқымды мәселелердің бірі әлеумет арасында әр алуан пікір тудырған атом станциясын салу жайлы болды. Ядролық станция қауіпті болғанымен Президент: «Еліміз – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет, сондықтан атом станциясын салуға әбден қақымыз бар», – деген пікірін білдірді.

Дәстүрлі жолдауда еліміздегі ауқымды тақырыптардың бірі су мәселесі де қозғалды. Жиырма жылдан соң Қазақстанда су тапшылығының болуы мүмкін екенін айтқан Президент су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылатынын ақжолтайлады. Әр Жолдау сайын білім-ғылым, денсаулық сақтау саласының өрістеуіне ерекше көңіл бөлетін Мемлекет басшысы бұл жолы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынатынын сүйіншіледі. Жетісу өңірінде аталмыш бағдарлама өзегінде 7 мектеп Алакөл, Панфилов, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласында салынады. Қазірдің өзінде «Жайлы мектеп» жобасы Панфилов ауданында бастау алды.

Сондай-ақ, Президент Жолдауда өңірлердің бюджет саласындағы дербестігін арттыруға арналған нақты тапсырмалар жүктеді. Соған сәйкес салық төлемдерінің бір бөлігі аймақтарға беріліп, аудандық әкімдіктер бюджетті өздері жасақтай алатын болады. Бұл өз кезегінде жергілікті жердегі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады.

Жетісу өңірі құрылған күннен бастап 56 ауылдық округтер мен аудандық маңызы бар қалалардың әкіміне тікелей сайлау өткізілді. Сайлауға 95 кандидат қатысқан. Осы демократиялық үрдіс алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

Өз басым түрлі жиында, оның ішінде кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің отырыстарында отандық өндірушілерді қолдау мәселесін тұрақты көтеремін. Осы бойынша көптеген мәселе шешілуде. Алайда мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу жеткіліксіз болды. Қасым-Жомарт Кемелұлы сондай-ақ, еліміздегі кәсіпкерлік ахуалды жақсарту, қорғаныс, агроөнеркәсіптік кешен және IT технологиялар саласындағы даму, басқа да мәселелерді қозғады. Қойылған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін баршамыз әділетті Қазақстанның қағидаттарын ұстануға тиіспіз.

Римма Салықова,
облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрайым

 

 

Қатысты жаңалықтар

Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

Бүгін, 16:39
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Бүгін, 15:21
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

Бүгін, 13:15
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

Бүгін, 12:36
Тіл – ұлттың  қазынасы

Тіл – ұлттың қазынасы

Бүгін, 11:11

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.