Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин Қазақстанда автомобиль және теміржол бойындағы интернет мәселесі қашан шешілетінін айтты.
Вице-министрдің айтуынша, өткен жылы әлі де зерттелмеген жерлерге (ақ жолақтар) талдау жүргізілген.
«Талдау негізінде қосымша антенналық діңгек құрылымдарын орнату қажет 243 нүкте анықталды. Қазір әкімдіктерде жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Қазірдің өзінде 80-ге жуығы жүзеге асырылды. 2025 жылы республикалық маңызы бар жолдарда ақ жолақтар жойылады. Қазір жергілікті маңызы бар жолдарды талдау басталды. Талдау нәтижелері бойынша бұл да жоспарға енгізіледі», – деді.
Сондай-ақ вице-министр пойыздардағы интернетке қатысты сөз қозғады.
«Әртүрлі технологияларды, мобильді интернетті, талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБ) негізінде орнатуды талдадық. Біздің спутниктік жүйе Starlink және OneWeb мысалында ең оңтайлы шешім төменгі орбиталық спутниктер арқылы Интернет тарту, деген қорытындыға келді. Біз қазір OneWeb-пен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қаңтар айында Қазақстан темiр жолы бірлесіп пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Оның қорытындысы бойынша ұсынылатын сапаға және тарифтерге қаншалықты көңіл толатыны туралы шешім қабылданады. Тиісінше, одан әрі масштабтау туралы шешім шығарылады», – деді Коняшкин.
Фото: itmaster.guru





