Талдықорған: +19°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАЗАҚСТАНДА 7 МАУСЫМ КҮНІ ТАҒЫ БІР КӘСІБИ МЕРЕКЕ АТАЛЫП ӨТЕДІ

01.06.2021
КҮНДЕРЕК
ҚАЗАҚСТАНДА 7 МАУСЫМ КҮНІ ТАҒЫ БІР КӘСІБИ МЕРЕКЕ АТАЛЫП ӨТЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның монополияға қарсы саясатының даму тарихы тереңде жатыр.

1991 жылғы 7 маусым — Қазақ КСРО Президентінің Жарлығымен еліміздің алғашқы монополияға қарсы ведомствосы Қазақ КСР Мемлекеттік комитеті құрылды. Жаңа ведомство «Бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақ КСР Заңын тиімді іске асыру үшін құрылған.

Бірқатар қайта құрудан кейін 1994 жылы Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті Баға жөніндегі комитетпен бірігу жолымен қайта ұйымдастырылды және ұзақ уақыт бойы Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет болып жұмыс істеді.

1994-1999 жылдары республикада экономикалық дамудың бірнеше жалпымемлекеттік бағдарламалары, оның ішінде «Үкіметтің реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы» қабылданды. Осы бағдарлама шеңберінде монополияға қарсы қызмет және бәсекелестік саясат саласында сауданы монополиясыздандыруға, жүк тасымалдауға, сыртқы саудаға және басқаларға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асыру көзделді. Бұл шаралар Үкімет бәсекелес ортаны дамыту және монополистік қызметті шектеу жөніндегі шаралар кешеніндегі одан әрі жүзеге асыруды көздеген алғашқы қадам болды.

Бірнеше қайта құрудан кейін 2003 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып қайта құрылды. Құрамына Статистика агенттігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Бәсекелестікті қорғау агенттігі және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі кірген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі құрылған 2014 жыл Бәсекелестік саясатты белсенді дамыту үшін айқындаушы жыл болды.

2015 жылы бәсекелестік практикаға Yellow Pages Rule қағидаттары енгізілді, оның мәні салауатты бәсекелес ортаны қолдау үшін мемлекеттік компаниялардың еншілес құрылымдар құруын шектеу және бизнес бар экономика салаларына мемлекеттің араласуына жол бермеу болды. Бұдан басқа, заңнамалық өзгерістер арқылы монополияға қарсы органның рөлі күшейтілді. Енді мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын (50%-дан астам) заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейту және өзгерту үшін монополияға қарсы органның алдын ала келісімін алу талап етіледі. Сондай-ақ жыл сайын жүргізілген талдаулардың нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның бәсекелес ортаға берілуі тиіс квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін қалыптастыру құқығы көзделді.

Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында сөйлеген сөзі маңызды оқиға болды, оның шеңберінде ҚР Президенті әлемдік геосаяси және экономикалық дағдарыс жағдайында мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын ұсынды. Осы жоспардың қадамдарының бірі (53-ші) ретінде Мемлекет басшысы монополияға қарсы қызметтің жұмыс тұжырымдамасын өзгерту және оны ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру қажеттілігін айқындады. Бұдан басқа, Мемлекет басшысы 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында монополияға қарсы қызметті күшейтудің маңыздылығын және еркін әрі салауатты бәсекелестік үшін жағдай жасау шеңберінде реформалар жүргізу қажеттігін атап өтті. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру бойынша екі кезеңдік тәсіл туралы шешім қабылданды.

Бірінші кезеңде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оған «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының нормалары имплементацияланған ҚР Кәсіпкерлік кодексіне қол қойды, сондай-ақ монополияға қарсы реттеуді ырықтандыруға, қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманың нормаларын оның мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, үздік әлемдік практикаға сәйкес келтіруге, бизнес субъектілерінің өсуін ынталандыру және ірілендіру мақсатында әкімшілік кедергілерді және бизнеске әкімшілік жүктемені төмендетуге бағытталған жаңалықтар көзделген.

2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Президентке тікелей есеп беретін жаңа Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылды. Жаңа агенттіктің негізгі міндеті бәсекелес орта құру болып табылады, бұл экономиканы мемлекет иелігінен алуды, бәсекелестік алаңды өзгертуді, барлық кәсіпкерлер үшін тең мүмкіндіктер жасауды, нарықтарды монополияландыруды тоқтатуды білдіреді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында бәсекелестік елдің ұлттық идеясы болып айқындалды.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 қаулысымен 7 маусым монополияға қарсы орган қызметкерлері күні болып жарияланды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Әділетті қоғамның алтын арқауы

Әділетті қоғамның алтын арқауы

04.07.2026
Қоныстойға келіңіздер!

Қоныстойға келіңіздер!

04.07.2026
Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

04.07.2026
Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

04.07.2026
Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.