Талдықорған: +5°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстандықтардың биылғы орташа жалақысы белгілі болды

26 қазан 2023
КҮНДЕРЕК
Қазақстандықтардың биылғы орташа жалақысы белгілі болды
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстандықтардың биылғы орташа жалақысы белгілі болды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Ұлттық статистика бюросы деректеріне сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросы сәуірде толық жұмыс істеген қызметкерлерді қамтып, зерттеу жүргізген. Зерттеуде барлық қосымша ақы, үстемеақы, сыйақы, салық пен зейнетақы аударымы ескерілген.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша сәуірде толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 3 437,3 мың адам болған. Оның ішінде ерлер (1 683,8 мың адамды) 49 пайыз, әйелдер (1 753,5 мың адамды) 51 пайызды көрсеткен.

Орташа айлық жалақы, яғни 70 000 теңгені қызметкерлердің жалпы санынан 1,5 пайызы, 70 000-нан 150 000 теңгеге дейін 22,8 пайызы, 150 000-нан 300 000 теңгеге дейін 36,2 пайызы, 300 000-нан 600 000 теңгеге дейін 30,8 пайызы, 600 000-нан 900 000 теңгеге дейін 5,5 пайызы, 900 000-нан 1 200 000 теңгеге дейін 1,7 пайызы, 1 200 000 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін 0,6 пайызы, 1 500 000 теңгеден жоғары жалақыны 0,9 пайызы алған.

Сондай-ақ, бюро қызметкерлері жалақының медианалық мәнін есептепті. 2023 жылы оның мөлшері 251 356 теңге болған (2022 жылы 204 149 теңге болған еді).

Айта кетейік, медиана — барлық жалақы мөлшерін өсу ретімен орналастырғандағы тізімнің орталық мәні, нәтижесінде барлық жұмысшының жартысы одан көп, ал екінші жартысы одан аз алады деген сөз.

Бұдан бөлек, қызметкерлер жалақысының модальді мәні 81 377 теңге болады. Бұл — жұмысшылар арасында неғұрлым жиі кездесетін жалақы мөлшері.

Сонымен қатар, орта білімі бар қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 230 841 теңге, жоғары білімі барларда 398 214 теңге және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барларда 505 170 теңге болған.

Қызметкерлердің жас ерекшелігіне қарай 16 жастан 24 жасқа дейінгілердің орташа айлық жалақысы 223 165 теңге, 25-тен 28 жасқа дейінгілерде 284 278 теңге, 29-дан 34 жасқа дейінгілерде 324 276 теңге, 35-тен 44 жасқа дейінгілерде 356 082 теңге, 45-тен 54 жасқа дейінгілерде 330 626 теңге, 55-тен 64 жасқа дейінгілерде 305 319 теңге, 65-тен жоғарылардікі 284 378 теңге болған.

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

1 қараша 2026
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

1 қараша 2026
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

1 қараша 2026
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

1 қараша 2026
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

1 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.