Байқау ауылшаруашылығы саласында еңбек ететін әйелдердің жетістігін көрсетуге және агросектордың дамуына қосқан үлесі үшін танылуға мүмкіндік береді. Байқау ұйымдастырушысы – ҚР-дағы Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен АӨК саласындағы Халықаралық көрмелер мен конференциялардың республикадағы жетекші ұйымдастырушыларының бірі «Expo TIME» қазақстандық компаниясы. Олардың айтуынша, байқау ауылшаруашылығымен айналысатын барлық әйел үшін ашық.
Биыл кәсібінде алғашқы қадам жасап, инновация енгізіп, өз шаруашылығын дамытуға ұмтылатын жас әрі ісін жаңа бастаған фермер әйелдерге ерекше көңіл бөлінеді. Қатысу үшін өтінімді өзінің жетістіктерін, стандартты емес тәсілдерін және аграрлық секторды дамытуға қосқан үлесін көрсете отырып толтыру қажет. Өтінімдер 2025 жылғы 1 шілдеге дейін мына электрондық мекенжайға қабылданады adt.expotime@gmail.com.
– Ауылшаруашылығын дамыту жаңа идеялар мен жаңа шешімдерді қажет етеді. Әйел фермерлер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және тұрақты тәжірибелерді енгізуде шешуші рөл атқарады. Біз бұл байқауды қолдауға және әйелдерді аграрлық бизнесті дамытуға барынша шабыттандыратынымыз үшін қуаныштымыз, – дейді Ұлыбританияның Қазақ-стандағы Елшісі Кэти Лич.
Жеңімпаздар жүлделерді мынадай номинациялар бойынша алады: Олар «AgroQueen 2025!» – маусымның басты кейіпкері – жігер, стиль және бедел!, «Miss Green Energy» – тұрақты шаруашылығы мен экологиялық ойлау қабілеті үшін. «Ауыл Girl Power» – тауды жылжытатын ауыл жігері!
Байқау жүлдегерлерін қазылар алқасы анықтайды. Оның құрамына аграрлық БАҚ өкілдері мен танымал агроблогерлер кіреді. Ақтық байқау мен марапаттау рәсімі Ақмола облысында 17-18 шілдеде өтетін «Jana Dala / Green Day 2025» қазақстандық Дала күні» халықаралық мамандандырылған көрме-көрсетілімі аясында өтеді.
Байқауға қатысу үшін сауалнаманы келесі сілтеме бойынша өту арқылы толтыруға болады: https://docs.google.com/forms/d/1eASrdEiRHW8t-z3He_8quGD2kztWRu-FKjZ2zACHu8w/edit
Қосымша ақпаратты
+7 701 235 2999 телефоны арқылы немесе adt.expotime@gmail.com электрондық поштасы бойынша ала аласыз.
Естеріңізге сала кетейік, байқау өткізу туралы жоспарлар өткен жылдың желтоқсан айында аграрлық салада жұмыс істейтін қазақстандық әйелдердің құрметіне ұйымдастырылған ҚР-дағы Ұлыбритания елшілігіндегі қабылдау барысында айтылған. Іс-шараның мақсаты – еліміздегі ауыл- шаруашылығы саласы мен оның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы республика әйелдері рөлінің маңызын атап өту.
Сол кезде атап өтілгендей, ұлттық статистика деректері бойынша Қазақ-станның ауылдық жерлерінде 3 млн.-нан аса әйел тұрады. Жұмыс істейтін әйелдердің басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісінде еңбек етеді. Бүгінгі таңда әрбір төртінші қазақстандық әйел фермер қожалығының, компанияның немесе ЖК-нің басшысы.
«Jana Dala / Green Day» мамандандырылған халықаралық көрме-көрсетілімі Қазақстанда 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Дала күні» форматындағы дәстүрлі іс-шара. Көрме жыл сайын шілде айында өткізіледі және заманауи ауылшаруашылығы технологияларының, өнімділігі жоғары техникалардың, селекциялық жетістіктердің, сондай-ақ ветеринария, органикалық егіншілік және өсімдіктерді қорғау саласындағы инновациялық әзірлемелердің республикадағы ең ірі көрсетілім алаңы.
«Дала күні» аясында Қазақстанның барлық аймағынан асыл тұқымды мал тұқымдарының көрсетілімдері мен аукциондары өткізіледі. «Jana Dala / Green Day» жыл сайын Ақмола және Қостанай облыстарының көрсетілім алаңдарында өтеді.
«Jana Dala / Green Day» ақпараттық орталығы