Талдықорған: +8°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БАЛАЛАРДЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРҒАН СТУДЕНТ ПРЕЗИДЕНТ АЛҒЫСЫН АЛДЫ

18 наурыз 2021
КҮНДЕРЕК
БАЛАЛАРДЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРҒАН СТУДЕНТ ПРЕЗИДЕНТ АЛҒЫСЫН АЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Осыдан біршама уақыт бұрын өртеніп жатқан пәтерден екі бірдей баланы аман алып шыққан Арман Бақытбайұлына бүгін Мемлекет басшысының Алғыс хаты берілді. Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ ержүрек азаматты арнайы қабылдап, марапатын тапсырды. Бұл туралы «Жетісу» газеті Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Облыс басшысы А.Баталов көпшіліктің алдында Президенттің Алғыс хатын оқып берді. «Арман Бақытбайұлы! Сіз адам өміріне қатер төнгенде шұғыл шешім қабылдап, асқан батылдық көрсеткен ержүрек азамат ретінде танылдыңыз. Өрт құшағында қалған бүлдіршінді жанқиярлықпен құтқарып, ерен ерліктің үлгісін көрсете білдіңіз. Замандастарыңызға үлгі боларлық ержүректігіңіз бен өжеттігіңіз үшін сізге алғысымды білдіріп, болашақта өз ісінің білгір маманы, Отанымыздың нағыз патриоты болатыныңызға сенім білдіремін», — делінген мәтінде.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінің 3-курсында оқитын Арманмен тілдесіп, отбасының жағдайын, оқуының жайын сұраған облыс әкімі:

— Сенің батыл әрекетің туралы естіп-білген Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы алғысын жолдап, ісіңді ерліктің жарқын үлгісі деп бағалады. Қазір өзің спорттық бағытта білім алып жүрсің, әрдайым рухың мықты болсын! Қандай көмек қажет болса, мен әрдайым қолдауға әзірмін. Оны бұған дейін де өзіңмен кездескенде айтқанмын. Осындай жастарды жан-жақты насихаттап, өзгелерге үлгі етіп көрсете білуіміз керек, — деді А.Баталов.

Өз кезегінде мұндай үлкен ілтипатқа қуанышын білдірген Арман Бақытбайұлы ешкімнің де батыр болып тумайтынын, оны өскен ортасы, көрген тәрбиесі бойына сіңіретінін атап өтті.

— Дегенмен, өзімді ерлік жасадым деп есептемеймін. Менің орнымда болса, әр адам осылай жасар еді. Мұны қоғамның бір мүшесі ретінде өзге жандарға пайдамды тигізген азаматтық парызым деп білемін. Президенттен алғыс аламын деп күткен жоқпын. Мемлекет басшысына осындай құрмет көрсеткені үшін ризашылығымды білдіремін, — деді Арман Бақытбайұлы.

Еске салсақ, 2019 жылдың наурыз айында Талдықорған қаласының тұрғыны, студент Арман Бақытбайұлы көшеден өтіп бара жатып көппәтерлі үйдің екінші қабатынан көмекке шақырған дауысты естиді. Терезеден түтін шығып жатқанын көреді. Арман газ құбырымен өрмелеп, есігі жабық пәтердің ішінен терезе арқылы екі кішкентай қызды алып шыққан.

Кішкентай балаларды ата-анасы сыртынан жауып, жұмысқа кеткен екен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп, қажетті көмек көрсеткен. Бұдан соң Амандық Баталов Арман Бақытбайұлын жеке қабылдап, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіндегі ақылы оқуын облыс әкімінің грантына ауыстырған болатын.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Бүгін, 18:00
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Бүгін, 17:37
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

Бүгін, 17:30
Ел егемендігі – эссеге арқау

Ел егемендігі – эссеге арқау

Бүгін, 17:07
«Ең соңғы оқырман қалғанша…»

«Ең соңғы оқырман қалғанша…»

Бүгін, 16:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.