Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БАСҚА ТІРШІЛІК ИЕЛЕРІ ДЕ БАР…

03.02.2024
КҮНДЕРЕК
БАСҚА ТІРШІЛІК ИЕЛЕРІ ДЕ БАР...
WhatsAppTelegramFacebook

Оқымысты қауымды әлмисақтан бері мынау шет-шегі жоқ дүниеде біз жалғызбыз ба, жалғыз болмасақ өзгепланеталық өркениет өкілдері бізбен неге байланысқа шықпайды деген мәселе толғандырып келеді. Ол жайында неше түрлі болжам болғанымен оның ешқайсына нақты дәлел табыла қойған жоқ.

Оқымыстылардың бір тобы бүкіл әлем бойынша Күн жүйесі ғана өзгеше жаратылған, соған орай саналы тіршілік Жер бетінде ғана дамып отыр, ендігі жерде басқа галактикалармен байланыс жасаймыз деп талаптану құр әурешілік деп есептейді. Ғалымдардың келесі бір тобы болса, осыншама шексіз-шетсіз ғаламда адамзаттың жалғыз болуы мүмкін емес, содан кейін де ерте ме, кеш пе, саналы тіршілік иелерімен байланысқа шығатынымыз анық деген тұжырымға тоқтап отыр.

Өзгепланеталықтарды осы мәселемен бел шеше айналысып жүрген уфологтар ғана емес, өз орталарында танымал белгілі ғалымдар да іздестіруде. Ашығын айтатын болсақ, бұл ізденістен бүгінгі күнге дейін ешбір нәтиже шыға қойған жоқ. Әйтсе де олар, бүкіл әлемді былай қойғанда, шамамен 250 миллиард жұлдыз шоғырланған біздің Құс жолы галактикасының өзінде ғана бізге ұқсас бауырларымыздың бар екеніне айқын дәлелдер келтіріп отыр.

Миллиардтаған өркениет бар

Американ астрономдары Луис Анкордоки мен Сусанна Вебер, Хорхе Сорианолар «Ол жақта да біреулер бар ма?» деген тақырыппен зерттеу жасап, өз сауалдарына өздері жауап берді. Бір сөзбен айтқанда олар «10 килопарсек радиусында – бұл шамамен 30 мың жарық жылына тең қашықтық – бізбен байланысқа шыға алатын, тіпті болмаған күннің өзінде радиосигналын жібере алатын техникаға қол жеткізген жалғыз болса да дамыған өркениет болуы тиіс», – деген қорытындыға келді.

Әлемде тіршілік етуі мүмкін өзгепланеталық өркениеттер санын есептеп шығару мүмкіндігін беретін Дрейк теңдеуін шешкен Анкордоки мен оның әріптестері мұндай өркениеттер саны 5 мыңға жуық деген тұжырымға тоқтады. Ғалымдар бұл орайда әлемдегі планеталар санымен қатар олардың тіршілік етуге қаншалықты қолайлы екендігін, ғаламшардағы өркениет ғұмырының шамамен қанша уақытқа созылатынын да есепке алды.

Рочестер университетінің физика және астрономия профессоры Адам Фрэнк пен оның Вашингтон университетінің астрономия және астробиология бөлімшесіндегі әріптестері де Дрейк теңдеуін өз жұмыстарында пайдаланды. Жүргізілген есептеулер жетпіс жеті мың ғаламда біздің жалғыз болу мүмкіндігімізді толықтай жоққа шығарды. Жалғыз дегеніміз бер жағы, одан кейін жүргізілген есептеулер бүкіл Әлемде шамамен 10 миллиард дамыған өркениет бар деген нәтижені көрсетті.

Ферми парадоксы

Бас айналатындай бұл цифр таңғалдырмай қоймайды. Егер әлемде соншама (10 миллиард) өркениет тіршілік етіп жатқан болса, неге олар осы күнге дейін бір хабарларын бермей отыр? Жер бетіне неге келмейді? Жер бетіне бұған дейін ешкім жете алмаса онда жоғары дамыған өркениеттердің де болмағаны ғой… Шынымен мыңдаған өзгепланеталық өркениет болса бізге миллиондаған жылдар бұрын жетпес пе еді? Салыстырмалы түрде техникамыз дамыған дәуірде ондай өркениеттерді неліктен байқай алмай отырмыз? Тегі итальяндық американдық физик, Нобель сыйлығының лауреаты Энрико Ферми айтқандай: «Бар болса, олар қайда жүр?». Бұл сұрақ кейін «Ферми парадоксы» деп аталып кетті.

Бұл орайда Гарвард университетінің профессоры, «Кеплер» телескопы ғылыми бағдарламасы жетекшілерінің бірі астроном Димитар Сасселовтің «Өзге әлемдерде тіршілік бар да шығар. Бірақ, солардың арасында ақылы адамзаттан асып кеткен тіршілік иелері жоқ па деймін…» деген пікірі ойландырмай қоймайды. Ғалымның пікіріне сүйенсек, саналы бауырларымыз болған күннің өзінде олардың өркениеті бізден асып шарықтап дамып кете қойған жоқ. Мұның өзі олардың да мүмкіндіктері шектеулі дегенді білдіреді. Демек өзгепланеталықтардың өткен кезеңде Жер бетіне келуі мүмкін емес. Жақын арада келе қояды деп үміттенуге де негіз жоқ. Қиял жетпес қиырларға біздің де сапар шеге қоюымыз екіталай…

Оксфорд университетінің оқымыстылары Стюард Армстронг пен Андерс Сэндберг болса, Жер ғаламшары бізге ұқсас планеталардан 1-2 миллиард жыл кейін пайда болды деп есептейді. Демек, олар даму жағынан бізден оқ бойы озып кеткен өркениеттер қатарына жатады.

Бірақ мұнымен де көңіл жұбатуға болмайды: «ағаларымыз» әлдеқашан уақыт шаңына көміліп, әлем бетінен жойылып кеткен сыңайлы. Олар содан кейін де ешкімге хабарласпайды.

Ғалымдардың тағы бір тобы саналы тіршілік иелері бізбен байланысқа шығу әлі ерте деп санап, әзірше бақылап қана отыр деген пікірде. Кім біледі, байланысқа шығуға қорқып, сақтанып, әлде тіпті менсінбей де отыр ма? Ол да мүмкін-ау…

Өзгепланеталықтардың біздің тым әсершіл психикамызды бұзып алмайын деп арнайы хабарласпай отырулары да ықтимал. Біздің күйкі тірлігімізге, есімізден адасқандай ерсі қылықтарымызға мысқылдай қарап бақылап отырулары да мүмкін.

Үміт те жоқ емес

Өзгепланеталық өркениет қанша байқалмайды, бізбен байланысқылары  келмейді десек те ара-тұра жылтыраған үміт сәулесі де көзге шалынып қалады. Бұл орайда осыдан біраз уақыт бұрын астрономдардың Табета жұлдызынан саналы тіршілік белгілерін байқағандықтарын айтуға болады.

Аққу шоқжұлдызында орналасқан КІС 8462852 жұлдызының бізден қашықтығы 1480 жарық жылына тең. Оның жүзін белгілі бір уақыт аралығында әлдебір ауқымды нысанның қалқалап тұратындығын алғаш астрофизик Табета Бояджан байқаған еді. Жұлдыз сол уақыттан бері «Табета жұлдызы» деп аталады.

Сөз болып отырған жұлдыз жарығы ара-тұра 80 пайызға дейін күңгірт тартады. Бұл мерзім 5 күннен 80 күнге дейінгі аралықта созылады.

Ғалымдар оның жүзін осы аралықта көлегейлейтін нысанның планеталар мен кометалар, қою бұлт немесе қалың шаң еместігін айқындағаннан кейін аспан денесіне деген қызығушылық арта түсті. Қарапайым азаматтардың өзі 100 мың доллардан астам қаражат жинап, жұмбақ құбылысты жете зерттеу жөніндегі өтініштерін білдірді. Олардың арасында жұмбақ жұлдызды саналы тіршілік иелері жасаған Дайсон сферасы қоршап тұр деп санайтындар көп еді.

Ең бір таңғаларлығы – бұл болжамды көптеген ғалымдар, олардың арасында  Табетаның өзі де бар, қолдап отыр. Оқымыстылардың түсіндіруінше, жоғары деңгейде дамыған өркениет өкілдері жасаған мұндай алып сфера жұлдыз жарығын  жинақтап, оның ғаламат энергиясын пайдалануға мүмкіндік береді.

Жасалынған батыл болжам бойынша, өзгепланеталықтар бұл сфераны салуды 1995 жылы бастап, 2011 жылы аяқтаған. «Кеплер» телескопы аталған жұлдыздың айтарлықтай күңгірт тартқанын алғаш рет дәл осы жылы тіркеген.

Нысанның аяқталмай қалу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды. Саналы тіршілік иелерінің мұндай «әдеттерінің» барлығы баршаға аян жайт.

Кездесуге дайынбыз

Жер бетіне келіп жетуі мүмкін бауырларымызды қадірлі қонақтар дейміз бе, әлде кемсітіп келімсектер деп атаймыз ба, оны сол кезде қалыптасқан жағдай көрсетеді. Сөз орайы келгенде айта кететін болсақ, бірқатар ғалымдар адамзат баласы ашық ғарышта өзін бекер жарнамалап отыр, өйткені Жер бетіне жаулау, отарлау мақсатымен жыртқыш «қонақтардың» да келіп қалуы мүмкін деп есептейді. Кезінде Стивен Хокинг те нақ осыдан қатты қауіптенген екен.

Қалай десек те астрономдар ғарыш қонақтары келе қалған жағдайға деп өзіндік жоспарларын да жасап қойған сыңайлы. Ондай жағдайда не істейміз деген әңгімені жерден тыс өркениеттерді іздеу жөніндегі SETI жобасына қатысушылар 1989 жылдан ойластыра бастапты. Сол кезде жасалынған жоспар бойынша, ең бірінші кезекте әріптестерге хабарласып, жағдайдың нақты орын алғандығына көз жеткізгеннен кейін билікті, содан кейін ғана көпшілікті хабардар ету көзделген.

Алайда бұл жоспарға уақыт та өз түзетулерін енгізген тәрізді. Корнель университетінде жұмыс істейтін көрнекті астрономдар Дункан Форган мен Александр Шольц болашақта мұндай жағдайда болмай тұрмайтын дүрбелең мен түрлі түсініспеушіліктер орын алмас үшін іс-әрекеттің жаңа жобасын ұсынды. Ендігі жерде, ғалымдардың пікірі бойынша, жаңалықты барынша қысқа мерзімде қалың көпшілікке жеткізу қажет. Мұндай қадамды билік немесе арнайы қызмет өкілдері тыйым салып үлгергенге дейін жасап үлгерген жөн. Өзгепланеталықтардың келгенін нақты дәлелдеу мүмкін болмағанның өзінде сондай күдіктің барын қоғамнан жасырып қалуға болмайды.

Жасырын хабар жіберген

Оқымыстылар қауымы Әлемде бізден басқа да бауырларымыз бар ма, олар неге келмей жатыр дегендей өмірлік маңызы бар мәселелерді талқылап жатқан кезде бірқатар энтузиастар жерден тыс өркениет өкілдеріне хабар жіберіп те үлгеріпті. Онымен қоймай бұл әрекеттерін бір ай бойы жасырып жүрген. Кейін белгілі болғанындай, олар өзгепланеталықтарға қатарынан үш күн бойы «дабылдатыпты». Дабыл Күн жүйесінен 12,4 жарық жылына тең қашықтықтағы Кіші төбет шоқжұлдызына жататын Лейтен жұлдызына жіберілген.

Энтузиастар аталған жұлдыздың айналасындағы ғаламшарда саналы тіршілік бар деп есептейді. Ондағы тіршілік иелерінен 2042 жылы жауап алып қаламыз деген үмітте.

Дабыл демекші, дамуы бізден әлдеқайда озып кеткен өзгеғаламшарлықтар біз біле бермейтін байланыс тәсілдерін пайдаланады деген болжам да бар. Мәселен, олар бізге үйреншікті болып кеткен электрмагниттік толқындар мен жарықтың орнына бір-бірімен нейтрино немесе гравитациялық толқындар, не болмаса байланыстың бізге мәлім емес басқа да түрлері арқылы  хабарласулары мүмкін ғой.

Тағы бір болжам жайына тоқтала кететін болсақ, бүкіл Әлем кеңістігіндегі өркениеттердің арасында бір-бірінің өмірлеріне, бізге түсінікті тілмен айтатын болсақ, ішкі істеріне араласпау жөніндегі келісім бар делінеді. Мұндай келісімді сақтау барлық өркениет өкілдеріне міндетті саналады-мыс.

Сөз соңы немесе жапандағы жалғыздық

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, ұшы-қиыры жоқ ғарыш кеңістігінде біздің жалғыз екенімізге де, оған керісінше миллиардтаған өркениеттердің бар екеніне де көзбен көріп, қолмен ұстағандай дәлел жоқ. Әйтсе де көңіл шіркіннің жарықтың өзі жетіп болмайтын ғаламат кеңістікте жалғыз емес екенімізге сенгісі келіп тұратыны да жасырын емес қой. Соған орай бірде болмаса бірде жанды тіршіліктің бәріне жақсылық ойлап жүретін өзгепланеталық бауырларымызға жолығып қаламыз-ау деген де үміт бар. Ондай жақсы күннің жақын арада туып қалуы да ғажап емес.

Дайындаған Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ,
журналистика ардагері
Фото: 
pixabay.com

Қатысты жаңалықтар

Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

31.07.2026
Президент бейресми Консультативтік кездесуге қатысты

Президент бейресми Консультативтік кездесуге қатысты

31.07.2026
Болашақтың берік негізі

Болашақтың берік негізі

31.07.2026
Тарихтан тамыр тартқан

Тарихтан тамыр тартқан

31.07.2026
Үштөбеде экологиялық рейд өтті

Үштөбеде экологиялық рейд өтті

31.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.