Талдықорған: +21°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бақытым сенсің балаусам!

1 маусым 2024
КҮНДЕРЕК
Бақытым сенсің балаусам!
WhatsAppTelegramFacebook

Жанарымның нұрындай, көкірегімнің сырындай сен аман бол, құлыным! 

Мынау ғалам көшінде, жұмыр жердің төсінде сенен асқан байлық жоқ, бақыт жоқ маған және де. Бабалардың жөнімен өрісін тапса өнеге, тұлпарлардың жолымен бірінші жетсең мәреге – ұлт үшін ол да мәртебе.

Ұлым менің, ұлық бол, ұлт намысын биік тұт. Арманыңның жолында, аршын қадам соңында ізгіліктің іздерін мөрлеп жүрші биік қып. 
Болашағы халықтың ұрпағымен өлшенер, ұлттан ұлы ұл туар, оған дүйім ел сенер, жігерсіз болсаң қазақтың қоғамы сонда теңселер! Хақың жоқ, балам, тірліктің сор-батпағын кешуге, жанбай жатып өшуге, үлкеннің жолын кесуге, ұлт намысын арқалап: «ұлтты сүймен» десуге!

Аяулы қызым ардақтым, арыңнан биік асқар жоқ, жаныңнан мөлдір дастан жоқ! Ұлпан, Зере, Айғаным аналардай болсаң деп, мынау жарық ғаламнан өз орныңды алсаң деп, Томиристей тектілік тұғырына қонсаң деп тілеуім бар білдірген. Сен жанымның бақшасын көркем еткен бүлдірген! Қарақат та сен едің, құдай берген сый қылып, марапат та сен едің, бабалардың тілімен «ұлт намысы – арудың арымен тең» деп едім…

…Балапаным, ұл-қызым, маңдайдағы жұлдызым, жағамдағы құндызым! Балғын шақта осынау мөлдірін айт әніңнің, тұнығын сімір қашанда тәрбие мен тәлімнің, нұры сенсің жанымның. Шаттан, қуан, асыр сал боз далаңды тербетіп, боз ғаламның астында ел намысын ойлаған ұландардай ержетіп, сіңіріңдер елге құт, талпыныңдар өрге биік! Сол ғана менің тілегім, жырға толсын жүрегің! Балаусам – бағым, байлығым, аспандағы ай-күнім, ассын тек сенің айбының!

АРДА БИ
 

Қатысты жаңалықтар

Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің барысын айтты

Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің барысын айтты

Бүгін, 14:58
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Бүгін, 14:35
Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Бүгін, 12:00
Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Бүгін, 11:30
Жайпақ вокзалы толығымен жаңартылды

Жайпақ вокзалы толығымен жаңартылды

Бүгін, 11:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.