Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бейбіт Исабаев дала жұмыстарын көріп қайтты

02.04.2025
КҮНДЕРЕК
Бейбіт Исабаев дала жұмыстарын көріп қайтты

Көктемнің әр күнін тиімді пайдаланғанда ғана күзде кеусені толатынын білетін облыс диқандары дала жұмыстарын бастап кетті. Бүгінде  Көксу ауданындағы шаруа қожалықтары да қызу жұмысқа кірісті. Осыған орай облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Балпық ауылдық округіндегі «Тәуелсіздік агро» ЖШС-не барып, дала жұмыстарын көріп қайтты.

Шаруа қожалығының басшысы Рахим Каримов егістік жерді тазалау, жер жырту, тұқым себу, суару жұмыстарын рет-ретімен істеліп, қамбаны астыққа толтыру үшін мол өнім алуға бағыт ұстағанын айтты. Әзірге 300 гектар жер жыртылып, тырмалануда. Егістікке 100 гектардан «жалпақсай» тұқымды соя, «Декабл КВС» сортты жүгері және көпжылдық шөп себілмек. Шаруа қожалығы басшысының айтуынша, гектарына 30-35 центнер соя, 600 центнер жүгері, 450-500 центнер көпжылдық шөп аламыз деп жоспарлануда. Сондай-ақ, ол мемлекеттен де қолдау көп екенін жеткізді.

– Шаруаларға мемлекеттен берілетін жеңілдік көп. Мәселен көктемгі дала жұмыстарына арналған «Кең дала» бағдарламасы арқылы 5 пайыз жеңілдетілген несиемен лизингке шаруашылық техника алуға болады. Биыл 2-ақ күннің ішінде жанар-жағармай, тыңайтқыш алдық. Сондай-ақ, былтыр 5 техника алғанбыз. Шаруа қожалығында жалпы 15 техника бар. Қазір көктемгі даланың қарбаласы басталады, – дейді Рахим Каримов.

Рахимнің негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Шаруа қожалығында 600 бас асыл тұқымды ірі қара бар. Сондықтан 300 гектар жерге өнім тек мал азығы үшін себілуде. Қожалықтың бұдан бөлек тағы 700 гектар жері бар.

Айта кетейік, облыс бойынша ауылшаруашылығы дақылдарының егіс алқабын 510,7 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде бидай 2,9 мың, қант қызылшасы 1,5 мың, дәндік жүгері 1,1  мың, мал азығы дақылдары  0,7 мың гектарға қысқарса, арпа 5,5 мың гектарға, майлы дақылдар 1,2 мың, картоп  309, көкөніс-бақша дақылдары 268,7 гектарға ұлғаяды деп күтілуде.

Осыдан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев Көксу ауданындағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты. 

Алдымен Қызылтоған ауылында салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пунктіне барды. Құрылыс жұмыстары былтыр қыркүйек айында басталыпты. Жоба құны 180 млн. теңге. Мамандар мамыр айында кестеге сай өткізіп береміз дейді. Тек медициналық нысандағы жұмыстың 90 пайызы аяқталып, дала жұмыстары қалыпты. 

– Фельдшерлік-акушерлік пунктте 15 адам жұмыс істейді. Қажетті құрылғылар мен аппараттардың барлығы алынды. Қазір соны орнатып жатырмыз. Жақында ағаш көшеттерін егеміз, – дейді «Жаркент алғыр» ЖШС-нің бас инженері Қайыр Әбілпейісов.  

Келесі кезекте Балпық би ауылдық округінде салынып жатқан өрт сөндіру депосына бардық. Мердігер «АТТМ Групп» салып жатқан нысанның құрылысы 2023 жылдың сәуір айында басталған. 2024 жылдың сәуір айында беріледі деп күткен нысан әлі күнге бітпепті. Таяу күндері аяқталатын түрі де байқалмайды. Сақалды құрылысқа айналған нысанды көрген облыс әкімінің бірінші орынбасары мердігер мекемеге сын-ескертпелер айтып, жұмысты аяқтау үшін 4 ай уақыт беріп, нақты тапсырма жүктеді. Осы уақыт аралығында жұмыс нәтижесі көрінбесе сот арқылы шешілетінін жеткізді. Сонымен қатар аудан әкімі мен жауапты мамандарға «жауапсыз орындаушы» жұмысын күнде келіп қадағалауды тапсырды.  

Балпық би ауылындағы екі 60 пәтерлі үйдің құрылысында жер қазу жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысанға да облыс әкімінің орынбасары ескерту жасап, жоба облыстық сараптамадан өтуі тиіс екенін айтты. Себебі, құрылыс материалдары сапасыз. Іссапар барысында Әлібек Әскербекұлы Көксу ауданында суару жүйелерін жақсарту үшін салынып жатқан латоктарды тексерді. 2024 жылдың ақпан айында басталған жұмыс 2026 жылдың наурыз айында аяқталмақ. Әзірге салынуы тиіс 107 шақырым латоктың 60 шақырымы аяқталған.

Сондай-ақ, Қаратал, Бесқайнар ауылында салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункттерінің де жұмысын көріп қайтты. Ол ауылдағы медициналық нысандар мамыр айында аяқталмақ.

Айдар ҚАЛИЕВ
Көксу ауданы

Суреттерді түсірген Жеңіс ЫСҚАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

25.05.2025
ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

25.05.2025
Білімім – отаныма

Білімім – отаныма

25.05.2025
12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.