Құрметті Сарқан ауданының тұрғындары!
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2025 жылғы 18 сәуірде сағат 10.00-де Сарқан ауданының мәдениет үйі ғимаратының (Сарқан қаласы, Чепрасов көшесі, 18 А) 1-қабатында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне 8 (7282) 40-25-06 телефон нөміріне хабарласу арқылы алдын ала жазыла аласыз.
Сондай-ақ сағат 11.00-де өңір басшысы аталған ғимаратта аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Кездесудің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында мына сілтемесі бойынша жүргізіледі: https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y=.





