Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Жетісу облысы аудандарының арасында тұңғыш рет Сарқан ауданында ашылды

21 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Жетісу облысы аудандарының арасында тұңғыш рет Сарқан ауданында ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы Сарқан ауданында алғашқы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев жұмыс сапары аясында аталған жаңа нысанның жұмысымен танысты. Жалпы бұл —  аймақтағы осындай екінші нысан. Еске салсақ, өткен жылдың қаңтар айынан облыс орталығы Талдықорған қаласында 220 орынға арналған Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы өз жұмысын бастаған болатын. 

Сарқан қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы «Жанұя» отбасын қолдау орталығымен қатар орналасқан. Онда зейнет жасындағы тұрғындарды әлеуметтендіру, физикалық және психикалық денсаулықтарын нығайту үшін оларды белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық шараларға тартуға барлық жағдай жасалған. Ыңғайлы болу үшін екі орталыққа бір көлік берілген.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына келген ардагерлермен әңгімелескен Бейбіт Исабаев биыл Алакөл, Көксу аудандарында осындай екі нысан ашылатынын айтты. 

– Біздің міндетіміз – аға буынға қамқорлық жасау. Біз сіздерге еселі еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Сонымен қатар жастардың лайықты азамат болып өсуі үшін ұрпақ тәрбиесіне, қоғамдық өмірге белсене қатысқандарыңыз маңызды. Осыған байланысты бізге сіздердің білімдеріңіз, өмірлік тәжірибелеріңіз бен қолдауыңыз қажет, – деді облыс әкімі.

Мұнан соң өңір басшысы Сарқан қаласында 2023 жылы ашылған «Жанұя» отбасын қолдау орталығының қызметімен танысты. Атап өтсек, орталықта 19 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға әлеуметтік, құқықтық, психологиялық көмек көрсетіледі. Орталыққа жүгінгендерге бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұруға мүмкіндік жасалған. 2024 жылы орталыққа 106 өтініш келіп түссе, ал осы жылдың басынан 24 өтініш түскен. Осы орайда алдын алу шаралары аясында өңірдің әрбір ауданы мен қаласындағы орталықтармен бірлесіп, құрамында аудан-қалалар әкімдерінің орынбасарлары, әлеуметтік қызметкерлер, білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау органдарының өкілдері бар арнайы мобильдік топтар жұмыс жүргізуде.

Жетісу облысында 7 «Жанұя» отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді, ал биыл осындай орталықтар Ақсу, Ескелді және Көксу аудандарында іске қосылмақ. Орталықтарды құру мен ашу «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау аясында жүргізілуде. 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі 
Фото: Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.