Талдықорған: +22°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бетон төселген, бірақ тегістелмеген: Талдықорғандағы сапасыз жолдың зардабын кім тартады?

08.01.2026
КҮНДЕРЕК
Бетон төселген, бірақ тегістелмеген: Талдықорғандағы сапасыз жолдың зардабын кім тартады?

7-su.kz / Мәулен Әнербай

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласының басты жолдарының бірі Ілияс Жансүгіров атындағы көшеде жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін жол төсемінің сапасы тұрғындар мен жүргізушілердің наразылығын тудырып отыр. Әсіресе, Ғали Орманов пен Қазақстан көшелерінің аралығындағы реттелмеген жол бөлігі бүгін таңертең орын алған жол-көлік оқиғасына тікелей себепкер болуы мүмкін, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы.

Біраз уақыт бұрын қала орталығындағы жылу жүйесі құбырларын жаңарту мақсатында Жансүгіров көшесінің бір бөлігі жабылған болатын. Ғали Орманов пен Қазақстан көшелерінің аралығындағы қазу жұмыстарын аяқтап, жолды бетонмен жауып, көлік қозғалысына рұқсат берген еді. Алайда, «бітті» деп тапсырылған жұмыстың сапасы сын көтермейді. Бетон төсемі мен негізгі асфальттың түйіскен жерлері тегістелмегендіктен, жолда үлкен ойықтар мен кедір-бұдырлар пайда болған.

Жолдың жай-күйін жақсы білетін жергілікті жүргізушілер бұл тұсқа келгенде жылдамдықты барынша азайтып, ақырын өтуге тырысады. Ал қала қонақтары немесе жолдың бұл ақауын білмейтін жүргізушілер үшін бұл нағыз «тұзаққа» айналып отыр.

Бүгін таңертең дәл осы ақауы бар жол бөлігінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. Куәгерлердің айтуынша, «BYD» маркалы электрлі көлігі жолдың кедір-бұдыр бөлігіне келгенде тежегішті күрт басқан. Дәл соңында келе жатқан екінші көліктің жүргізушісі қашықтықты сақтамағандықтан немесе жолдың мұндай күйін ескермегендіктен, тоқтап үлгермей, «BYD» көлігінің артқы бөлігіне соқтығысқан.

Алдын ала болжам бойынша, апаттың басты себебі – жол төсемінің дұрыс қалпына келтірілмеуі. Жолдың тегіс емес жері жүргізушіні шұғыл шешім қабылдауға мәжбүр еткен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, бірақ қос көлікке де айтарлықтай материалдық шығын келді. Бұл жағдай Талдықорғандағы коммуналдық жұмыстардан кейінгі ретке келтіру мәселесінің өзектілігін тағы бір мәрте көрсетіп берді.

Мәселе тек бір апатпен шектелмейді. Мұндай «уақытша» жасалған жолдар қыс мезгілінде қар астында қалып, қауіпті еселей түседі. Кез келген коммуналдық жұмыстан кейін жол бастапқы қалпына толық келтірілуі тиіс. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мердігерлерден жұмыстың сапалы аяқталуын қатаң талап етуі қажет. Бетон төсеген соң оның шеттерін асфальтпен тегістеп, көлік дөңгелегіне кедергі келтірмейтіндей деңгейге жеткізу – қарапайым техникалық талап. Егер жол толық жөнделіп бітпесе, ол жерге міндетті түрде «Тегіс емес жол» немесе «Жылдамдықты азайт» деген ескерту белгілері қойылуы тиіс.

Қазіргі таңда қала әкімдігі бұл мәселеге назар аударып, аталған учаскені ретке келтіруді қолға алады деген сенімдеміз.

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары! Жансүгіров көшесімен, әсіресе Ғали Орманов пен Қазақстан көшелерінің аралығымен өткенде барынша абай болыңыздар.

  1. Алдыңғы көлікпен арақашықтықты (дистанцияны) сақтаңыз.

  2. Жөндеу жұмыстары жүрген аймақтарда жылдамдықты 30-40 км/сағ дейін төмендетіңіз.

  3. Көлігіңіздің тежегіш жүйесінің дұрыстығына көз жеткізіңіз.

Жолдағы қауіпсіздік – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Сақ болыңыздар!

Қатысты жаңалықтар

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026
Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.