Талдықорған: +19°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бөгет салу: Ұлттық ұлан жауынгерлері құм толтырған 1 млн қап дайындаған

24 сәуір 2024
КҮНДЕРЕК
Бөгет салу: Ұлттық ұлан жауынгерлері құм толтырған 1 млн қап дайындаған
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлттық ұлан жауынгерлері Қазақстанның су басқан елді мекендерінде бөгеттер салу үшін құм толтырылған 1 млн астам  қап дайындап, төседі.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Қазақстанның батыс өңірлерінде су тасқыны жағдайы күрделі екендігі белгілі. Соған байланысты Жайық өзеніндегі су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілуде, азаматтарды хабардар ету және тиісті құрылымдармен теле және радиоқабылдау әр төрт сағат сайын жүргізілуде.

«Басқа өңірлерден қосымша күштер мен күштік ведомстволардың, оның ішінде ҚР Ұлттық ұланының құралдары тартылуда. Мәселен, 6506-әскери бөлімінің (Шымкент қаласы) 300 әскери қызметшісі және 5547-әскери бөлімі (Қызылорда) жеке құрамының 200 адамы Батыс Қазақстан облысында жағалауды нығайту жұмыстарына, қапшықтарды дайындауға және салуға көмектесуде. Ал Орал қаласындағы 5517-әскери бөлімінің 80 әскери қызметшісі патрульдік-бекеттік қызмет атқаруда. Тағы 300-ге жуық адам су тасқынына қарсы іс-шараларда жергілікті тұрғындарға жәрдем беруде. Жалпы, БҚО-да 18 автокөлікке қоса 900-ге жуық ұландықтар тартылды, сондай-ақ Қазақстанның құқықтық тәртіп әскерлерінің бір тікұшағы жұмылдырылды», — деп хабарлады ведомстводан.

бөгетҰлттық ұланнан түскен мәліметке қарағанда, сарбаздар күндіз-түні су басқан аумақтарда қызмет етеді, эвакуацияланған тұрғындардың үйлерінде мүліктерінің жоғалмауына да қолдарынан келген көмектерін жасауда. Ақтөбе қаласында орналасқан 6655-әскери бөлімінің 400-ден астам әскери қызметшісі «Заречный» және «Кирпичный» шағын аудандарында патрульдік-бекеттік қызмет атқаруда. Қауіпсіздік мақсатында сарбаздар азаматтарды су басқан үйлерге жібермейді. Жеке құрам тонау әрекеттерін болдырмауға да күш салуда. Бұл бағытта 17 техника мен Ұлттық ұланның бір тікұшағы тартылды.

Бұдан бөлек, Атырау облысына 5546-әскери бөлімі (Атырау қ.) және 5451-әскери бөлімі (Қарағанды қ.), сондай-ақ Қостанайдан 6697-әскери бөлімі және Петропавлдан 6637-әскери бөлімінің әскери қызметшілері, ҚР Ұлттық ұланы Петропавл академиясының курсанттары, 570-тен астам ұландықтар тартылды. Оларға елордалық жедел бригада мен авиациялық базадан тәртіп сақшылары көмекке жіберілді. Осы солтүстік аймақтардағы Ұлттық ұланның күштер тобында 400-ден астам адам, 13 автокөлік және бір тікұшақ бар.

Жалпы, құқық тәртібі әскерлерінің 3 мың жауынгері полицейлермен, құтқарушылармен, еріктілермен бірлесіп су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысуда. Ұлттық ұланның 6 әуе кемесін – төрт МИ-171Е тікұшағын және екі Y-8 әскери көлік ұшағын тарту жалғасуда.

Су тасқыны басталғаннан бері 120-дан астам автомобиль техникасы пайдаланылуда. Ұландықтар 1753 адамды эвакуациялады, инертті материалдары бар 1 миллион 53 мыңнан астам қапшықтар дайындады және төседі, сондай-ақ 138 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді.

Қатысты жаңалықтар

Нейрохирургтар сирек ми патологиясы бар балаға бірегей операция жасады

Нейрохирургтар сирек ми патологиясы бар балаға бірегей операция жасады

Бүгін, 15:35
Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің барысын айтты

Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің барысын айтты

Бүгін, 14:58
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Бүгін, 14:35
Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Бүгін, 12:00
Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.