Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БИ-ШЕШЕНДЕР деген екен…

12.05.2024
КҮНДЕРЕК
БИ-ШЕШЕНДЕР деген екен...

Екі атақ қалыпты

– Іргелес ауылдың малын ұрлаудай-ақ ұрлаймын-ау, бірақ иелері із қуалап келіп бәрін айдап әкетеді. «Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан», мен ұрламасам да мал жоғалтқандар маған келе береді. Менде еш нәрсе қалмады ғой, – деп мұң-сырын ашыпты бір ұры Бөлтірікке. Бөлтірік шешен:
– Сенде әлі де талай-талай нәрсе қалған екен… – дейді. 
Аң-таң болған ұры:
– Ол не нәрсе, менде ешкімнің малы қалған жоқ еді ғой, – дейді.
Сонда Бөлтірік шешен:
– Сенде «ұры-қары» деген екі атақ қалыпты, – деген екен. 

Айдай болып көрінеді…

Бөлтірік ауылының бір кісісі ұрлыққа түсуін қартайғанша қоймапты. Ұрлық болғанда біреудің ұсақ-түйек бұйымын жымқырып кете береді екен. Бір күні түнделетіп көрші ауылдағы тойдан қайтып келе жатса, әлгі шал ұшырай кетеді. Оны танып қалған Бөлтірік:
– Түнделетіп неғып жүрсің? – десе, анау:
– Жәй, әшейін, Бөлтеке, – деп қипақтайды.
– Арқалап алғаның не?
– Қауын-қарбыз еді.
– Оны қайдан алдың?
– Мына ауылдың қауыны пісіп жатыр екен, содан ала салдым.
– Ұрлап алғаныңыз жарамайды ғой, ақсақал.
– Қараңғы түнде кім көреді дейсіз?
– Аппақ сақал қараңғы түнде айдай көрінеді.
– Қап, мына сөзің өңменімнен өтті-ау, енді қойдым, қойдым! – депті шымбайына батқан шал.
«Сол-сол екен, әлгі ақсақал ұрлық қылуын пышақ кескендей қойып кетіпті» деседі ел.

Жалаңаш келген болатын

…Ауылдың төрт түлігі түгел өскен дәулетті адамы дүние салады.
– Бұ кісі жалғанды жалпағынан басып-ақ еді, міне, енді дүниеден бір кебінмен кетіп барады, – дейді көп ішінен біреу.
– Аз дүниемен кетіп бара жатқан жоқ, – дейді сонда Бөлтірік шешен. – Бұ кісі жарық дүниеге жалаңаш келген болатын.

Ақысын жеу – ұрлық

Сырым он бес жасында бір құшақ отын құшақтап Нұралы ханның ауылының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып далада тұрған хан баланы шақырып алып:
– Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетіледі, ауыл сыртынан отын ұрлап, бала, есің неден кетіп еді?! – дейді.
– Тақсыр, даланың оты олжа, суы нұрлық, біреудің малы мен ақысын жеу ұрлық, – деп жөніне жүре береді.

Құда болдым даңқымен

Сырымның қызын Алаша Байсал би көп мал беріп баласына айттырады. Бұдан бірнеше жыл өткен соң Байсалдың баласы Сырымның қызын алмайтынболады. Байсал Сырымға кісі жіберіп:
– Балам қызыңды алмаймын дейді, менің берген малымды қайырып берсеңіз екен, – дейді.
Сырым: «Мен Байсалдың малын бағып беруге алғаным жоқ, алса қызымды беремін, алмаса өзі білсін», – дейді. Содан кейін екеуі хан алдына барып айтыспақ болады. Жолда келе жатып кеңеседі: «Ханның ауылында жақсы да, жаман да жиналған, ел көп болу керек. Екеуміз барып ханға жүгінуіміз жараспас, біз Атақозы батырға барып, соның үкіміне риза болсақ қайтеді?», – деседі. 
Бұл байлауға келісіп ауылына келеді. Жай-мәністерін айтқаннан кейін Атақозы айтады: «Сіз екеуіңіз белгілі Сырым менен Байсалсыздар ғой, сіздер ұзақ дау айтпай-ақ екі-үш ауыз сөзбен қысқаша жұмыстарыңызды айтыңыз», – депті. 
Сонда талап иесі Байсал мына сөзді айтыпты:
– Қозеке, мен Сырымға құда болып едім даңқымен, араласып, сыйласуға халқымен. Бес жиырма мал бердім, бұрынғы ата-бабаның салтымен. Қалы кілем қара нарға жауап бердім, арғымақ жылқының асылын тауып бердім. Алтын дегенім мыс шығып, күміс дегенім жез шығып, сондықтан малымды іздеп келген талапкермін.
Сонда Сырым айтады:
– Байсалдың менімен құда болғаны рас даңқымменен, араласып сыйласты да халқымменен.Бес жиырма мал бергені рас, бұрынғы ата-бабаның салтыменен. Мұның баласы үш жыл қалыңдық ойнады, құлындай байлады, тайдай жайлады. Бар мақсаты біткен соң енді алмаймын деген қиял ойлады. Мен онысына көнбедім. Сіздей әділ биді іздедім, осы еді алдыңызға келгенім.
Атақозы диуанды (билікті) Сырымға беріпті. Мұны хан естіпті. Хан ашуланып Сырым мен Байсалға ешнәрсе айта алмай Атақозыны шақыртады. Келсе хан үйінің алдында жүр екен. Атақозы аттан түсіп: «Бас тақсыр!», – деп қолын алады. Сонда хан қолын ұстап тұрып: «Ойда орысты, қырда қазақты олжалап жүрсең де шыр бітпеген бір қасқа екенсің ғой, үйге жүріңіз», – депті. Сонда Атақозы: «Тақсыр, тұра тұрыңыз, үйге әлгі сөзіңіздің жауабын беріп кірейін», – депті де былай депті:
– Бұрынғыдан келе жатқан бір сөз бар еді: «өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді, қаралысында қатын семіреді, халқының қамын ойламаған хан семіреді. Сіздің семіз болуыңыз халықтың қамын ойламағаныңыздан болар. Мен қайтсем топтан торай шалдырмаймын деп, қазақтың жалғыз тайын жауға алдырмаймын деп бір түнде тоғыз оянып, тоқсан толғанамын, маған не ғылып шыр бітсін? – депті.
Хан жұмған аузын аша алмай үйіне кіргізіп, қонақ етіп шығарып салыпты.

Не қылайын адай болсаң…

Қасында баласы бар, астында нарға жеккен шанасы бар Шернияз жолаушы жүріп келе жатады. Қыстың күні боран, бір үйге келеді. Үйден көлік оттатып, жылынып шығуға рұқсат сұраса үй иесі:
– Рұқсат жоқ, өзім де жылқым жұтап жүдеп отырмын, қонақ күтетін жайым жоқ, – дейді.
– Қай ру боласыз? – дейді Шернияз.
Үй иесі:
– Не қыласың қай ру екенімді? Құда боламысың? Танысаң Адайыңмын, танымасаң құдайыңмын. Бар, жолыңнан қалма, жүре бер! – дейді. 
Сонда Шернияз:
Мен саған не қылайын Адай болсаң,
Үйіңнен шай берсейші олай болсаң!
Жылқыңның өлімтігі иттен де көп,
Жылқыңды неге өлтірдің құдай болсаң?   
Тарыдай талқаныңды шығарған екен,   
Құдаймен азғана күн сыбай болсаң! – дейді.
Үй иесі кешірім сұрап, түсіріп қонақ еткен екен. 

Дайындаған Нүсіп Додабайұлы
Фото: e-history.kz

Қатысты жаңалықтар

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

10.07.2025
Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

10.07.2025
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

10.07.2025
Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

10.07.2025
Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

10.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.