Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Биологиялық белсенді қоспалардың сапасына бақылау күшейтіледі

02.05.2025
КҮНДЕРЕК
Биологиялық белсенді қоспалардың сапасына бақылау күшейтіледі

Қазақстанда биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) айналымына бақылау күшейтіледі. Енді мұндай өнімдерді сату тек мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

ББҚ сату үшін қандай талаптар бар?

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, елімізде биологиялық белсенді қоспалар Кеден одағының техникалық регламенттеріне толық сәйкес келуі тиіс. Өнім алдымен мемлекеттік тіркеуден өтіп, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Бірыңғай тізіліміне енгізілуі қажет. Тек осыдан кейін ғана сатылымға шығарылады.

Тіркеуді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүргізеді. Ол үшін Қазақ тағамтану академиясы мен ЕАЭО елдеріндегі өзге де ғылыми-зерттеу институттарының сараптамалық қорытындылары негіз болады.

ББҚ сатылымға дейін не тексеріледі?

ББҚ өнімдері міндетті түрде зертханалық сараптамадан өтеді. Тексеру мынадай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:

  • Микробиологиялық, токсикологиялық және физика-химиялық қауіпсіздігі;

  • Дәрумендер мен белсенді заттардың белгіленген нормаларға сәйкестігі;

  • Тыйым салынған қоспалардың болмауы (уытты өсімдіктер, қайта өңделген жануар өнімдері, патогенді микроағзалар және зеңдер).

БАҚ-тағы жарнама мен таңбалауға бақылау күшейеді

2024 жылдан бастап ББҚ жарнамасына мониторинг жүргізіліп жатыр. Бұл бақылау әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама шындыққа сай келе ме, әлде жоқ па – соны анықтауға бағытталған.

Ал 2025 жылдан бастап ББҚ-ны сәйкестендіру құралдарымен таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Мұндай жүйе тұтынушыға өнімнің заңды және қауіпсіз екенін тексеруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, дәрілік заттарды таңбалау жүйесі елімізде 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілген.

Қандай жағдайда ББҚ сатуға тыйым салынады?

Биологиялық белсенді қоспаларды келесі жағдайларда сатуға болмайды:

  • Мемлекеттік тіркеуден өтпеген;

  • Жарамдылық мерзімі өткен;

  • Сақтау шарттары бұзылған;

  • Қаптамасында құрамы, қарсы көрсетілімдері және өндіруші туралы толық ақпарат көрсетілмеген.

Тұтынушы нені ескеруі керек?

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ББҚ қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесуді ұсынады. Сонымен қатар, өнімді сатып аларда мына жайттарға назар аудару қажет:

  • Қазақстанда тіркеу куәлігінің болуы;

  • Өнім құрамының нақты әрі толық көрсетілуі («табиғи компоненттер» деген жалпылама сөздерден сақ болыңыз);

  • Өндіруші мен өндірілген ел туралы ақпарат;

  • Жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары;

  • Қаптамадағы дұрыс таңбалау (қолдану тәсілі, қарсы көрсетілімдер мен сақтық шаралары). 

Фото: Ru.freepik.com 

Қатысты жаңалықтар

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

25.05.2025
ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

25.05.2025
Білімім – отаныма

Білімім – отаныма

25.05.2025
12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.