Талдықорған: +25°C
$ 461.55
€ 540.38
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бір шаңырақ астындағы жарасым

30.04.2026
КҮНДЕРЕК
Бір шаңырақ астындағы жарасым
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың кең даласында тағдыр табыстырған талай тағылымды отбасы бар. Солардың бірі – Қаратал ауданының Кәлпе ауылында тамыр жайған Абубакаровтар әулеті. Бұл шаңырақта қазақ, шешен, кәріс ұлтының мәдениеті мен салт-дәстүрі табиғи үйлесім тауып, бір отбасының құндылығына айналған. Осындай ортада өсіп, бүгінде ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген Қаратал аудандық ауруханасының травматолог дәрігері Хамзат Абубакаров өз өмір жолын тебіреніспен еске алады.

Менің туып-өскен жерім Қаратал ауданының Кәлпе ауылы. Балалық шағым сол ауылдың топырағында өтті. Қазақ мектебінде білім алдым. Кейін 2007 жылы Алматыдағы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне түсіп, дәрігер мамандығын меңгердім. Оқуымды аяқтаған соң туған өлкеме оралып, 2017 жылдан бері Үштөбедегі аудандық ауруханада қызмет етіп келемін. Адамға көмек көрсету – мен үшін мамандық қана емес, өмірлік парыз, – дейді Хамзат.

Оның отбасы тағдырлы тарихтың куәсі. Әкесі Алхазір Абубакаров шешен ұлтынан болса, анасы Роза Когай кәріс қызы. Екеуінің де ата-аналары қазақ жеріне қилы кезеңдегі қуғын-сүргін жылдары қоныс аударған.

Ол бұл туралы да ерекше тебіреніспен әңгімеледі.

Ата-анамыз қазақ жерінен пана тапқан. Сол кеңдік пен мейірімнің шарапатын біздің әулет әлі күнге дейін сезініп келеді. Қазақ жері біз үшін туған мекен, алтын бесік. Отбасында 3 баламыз. Ағам Александр, қарындасым Милана және мен. Әкеміз бен анамыз бізді ең алдымен адам болуға тәрбиеледі, – дейді ол.

Оның ата-анасының махаббат хикаясы да ауыл өмірімен тығыз байланысты. Анасы бухгалтерлік білім алып, жолдамамен ауылға келеді. Әкесі де құрылыс саласын тамамдап, сол елді мекенге жұмысқа орналасады. Жас мамандардың жолы Кәлпеде түйісіп, үлкен өмірге бірге қадам басады.

Кеңес үкіметі тараған соң ата-анам ауылда жермен айналысты. Егін екті. Бар күш-жігерін бізді өсіруге жұмсады. Сол адал еңбектің арқасында жетілдік, білім алдық, – деп өткен күнді еске алған Хамзат анасы жайлы да ерекше сағынышпен сыр шертеді.

Анам өте еңбекқор жан еді. Кәріс халқының ащы тағамдарын да, шешеннің ұлттық астарын да, қазақтың ет асып, қамыр жайған дастарқанын да бірдей әзірлейтін. Үйімізде түрлі мәдениет тоғысқанымен бәрі бір отбасының берекесіне айналды. Қазақтың барлық мерекесін кеңінен атап өтетінбіз. Анам кейін мұсылмандықты қабылдап, Лейла есімін алды. Қазақы салт-дәстүрді қатты құрметтейтін. Өкінішке қарай анам 5 жыл бұрын көз жұмды – дейді дәрігер.

Хамзаттың қазақ тілінде еркін сөйлеуі де осы ортадан бастау алды.

Алғашында орыс сыныбында оқыдым. Кейін ауылдағы сынып жабылып, төртінші сыныптан бастап қазақ сыныбына ауыстым. Әуелде біраз қиналғаным рас. Бірақ достарымның бәрі қазақ балалары еді. Солардың ортасында жүріп тілді тез меңгердім. Сыныптастарыммен әлі күнге дейін араласамыз. Бас қосқанда балалық шақтың қызықтарын айтып отырамыз, – дейді ол.

Бүгінде Хамзаттың өз отбасы да көпұлтты жарасымның жалғасы. Жары Ботагөз Қалтуреева қазақ қызы. Ол да медицина саласының маманы. Екеуі 5 перзент тәрбиелеп отыр.

Біз балаларымызға ұлтқа бөлінуді емес, адамдықты үйреткіміз келеді. Әр халықтың өз ерекшелігі бар. Бірақ бәрін біріктіретін ортақ құндылық бар. Ол сыйластық пен татулық. Менің өмірім соның дәлелі, – дейді кейіпкеріміз.

P.S. Қаратал өңіріндегі осы бір қарапайым отбасының тарихы Қазақстандағы ұлтаралық келісімнің нақты көрінісі іспетті. Бір шаңырақ астында тоғысқан үш ұлттың тағдыры татулықтың тамыры тереңде жатқанын аңғартады. Осындай отбасылар барда ел бірлігі де, берекесі де баянды болмақ.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Әке беделі – қоғамның тірегі

Әке беделі – қоғамның тірегі

30.04.2026
Бейбіт Исабаев Ескелді ауданында халықты жеке қабылдайды

Бейбіт Исабаев Ескелді ауданында халықты жеке қабылдайды

30.04.2026
Күмбірді құрметтеген

Күмбірді құрметтеген

30.04.2026
Бір шаңырақ астындағы жарасым

Бір шаңырақ астындағы жарасым

30.04.2026
Тағдыр тоғыстырған  мекен

Тағдыр тоғыстырған мекен

30.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.