Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Бірінен соң бірі ұсталып, тергелуі жақсы емес»: Кәмшат Тасболат журналистердің қудалануын сынға алды

3 желтоқсан 2025
КҮНДЕРЕК
«Бірінен соң бірі ұсталып, тергелуі жақсы емес»: Кәмшат Тасболат журналистердің қудалануын сынға алды

turkystan.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Журналист Кәмшат Тасболат соңғы уақытта ақпарат саласындағы қудалаулардың күшеюіне алаңдаушылығын білдірді. Оның айтуынша, журналистер мен блогерлердің бірінен соң бірі ұсталып, тергелуі – қоғамға жақсы белгі емес, – деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, кезекті шу «әуежайды басып алды» деп айыпталған жас журналистен басталып, белгілі журналистің Әблязевтен сұхбат алғаны үшін сыналуымен жалғасқан.

«Баяғыда хабарлықтар каннибалдан да сұхбат алған. Онда тұрған не бар? Елді былықтырып кеткен адамға жұрт соншалық ереді деп ойлай ма?» – дейді ол.

Ол сондай-ақ қазақша сөйлеуді талап еткені үшін 4 жылға сотталған желтоқсаншы азаматтың ісін де «абсурд» деп атады.

«Сатиралық контент жасап жүрген жас бала не үшін тергелуі керек? Ал орыстілді журналист Ресейдің саясатын сынағаны үшін жауапқа тартылып жатыр. Бұл да жақсы нышан емес», – деді Тасболат.

Ауыл шаруашылығындағы проблемаларды көтерген блогердің де полицияға жиі шақырылуы қоғамдағы қысымды көрсетеді деп санайды. Оның айтуынша, шегірткеге қатысты жалған есепті әшкерелегені үшін блогердің қудалануы – ақпарат еркіндігінің дағдарысы.

«Халықтың көңіл-күйі онсыз да төмен. Қымбатшылық қысып барады. Осындай кезде сөз бостандығы үшін күресіп жүрген журналистер мен блогерлердің тіл үшін, әуежай үшін, тіпті шегіртке үшін сотталуы – нағыз нонсенс», – деді ол.

Кәмшат Тасболаттың сөзінше, егер журналистер тілді, экологиялық жағдайды, Ресейдің ақпараттық экспансиясын жазуға қорқатын болса, онда қоғамда қандай тақырыпты қозғауға болады?

Ол Мартин Нимеллердің әйгілі сөзін мысалға келтірді:
«Біреуді қуғындағанда үндемесең, ертең сені қорғайтын ешкім қалмайды».

«Біз соңғы 30 жылда оппозицияны қудалағанда үндемедік. Демократтарға, ұлтшылдарға тиіскенде үндемедік. Енді журналистерге жетті. Бірақ ертең олар сіздерге келгенде, арашалайтын ешкім қалмауы мүмкін», – деп жазды журналист.

Кәмшат Тасболат елге үміт сыйлайтын жақсы жаңалықтар қажет екенін айта келе, сөз бостандығын шектеуді доғару керегін атап өтті.

«Тәуелсіздіктің 35 жылдығында тіл үшін соттау – ұят. Ресейдің теріс саясатын сынағандарды қудалауды тоқтату керек. Кремльге жалтақтамай, ұлттық мемлекет құру жолында еңбек ететін уақыт келді», – деп қорытындылады ол.

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

Бүгін, 17:18
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Бүгін, 16:17
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгін, 15:26
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.