Талдықорған: +20°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бірлесіп шешетін мәселе көп

27.11.2025
КҮНДЕРЕК
Бірлесіп шешетін мәселе көп

akspic.ru

WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Әсет Қыдырманов ашып, жүргізіп отырған кеңейтілген отырыста өңірдің инфрақұрылымдық даму қарқыны мен әлеуметтік нысандардағы қауіпсіздік мәселелері ашық талқыланды. Басқосу барысында ауызсу, жылу және электр жүйелерінің жаңартылуы, білім беру нысандарындағы қауіпсіздік деңгейі, архив саласындағы цифрландыру үдерісі жан-жақты қаралды.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева, облыстық білім басқармасының басшысы Даурен Жүнісов, облыстық полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсаинов және мәслихат депутаттары қатысты.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, биылғы негізгі міндет орталықтандырылған ауызсуға қолжетімділікті 92 пайызға жеткізу. Бұл мақсатқа жету үшін тозған желілер жаңартылып, жаңа инженерлік инфрақұрылым орнату жұмыстары жалғасып жатыр. Ауызсудың сапасы мен қолжетімділігін арттыру – өңірдегі маңызды әлеуметтік мәселенің бірі саналады.

Кеңейтілген жиында облыстағы орта және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жүргізілген қоғамдық мониторингтің қорытындылары қаралды. Мониторинг барысында бірқатар түйткілді мәселе анықталып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді. «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен бақылау бағыттары туралы толық ақпарат берді.

Арыстанғали Қадырұлының айтуынша, облыстағы 56 білім беру нысаны 30 жылдан астам күрделі жөндеуден өтпеген. Мектептерде жылу, су және кәріз жүйелері тозғанын, шатыр, терезе және еден сапасы нашарлағанын, санитарлық тораптар ескіргенін, кей жерлерде электр жүйесі істемейтінін, асхана жағдайы нормаларға сай еместігін баяндады. Сонымен қатар, 300-ден астам бейнекамера істен шыққаны анықталған.

– Бұл жағдай білім беру процесінің қауіпсіздігі мен сапасына, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына кері әсер етеді, – деді ол.

Басқосуда архив қызметін электрондық форматқа көшіру жұмысы да оң бағасын алды. Құжаттардың цифрландырылуы – қызметті ашықтыққа жақындату, қолжетімділікті арттыру және мемлекеттік ақпараттық қорды сақтау тиімділігін күшейту бағытындағы маңызды қадам екені айтылды.

Кеңес отырысында барлық кемшілік бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктелді. Облыстық қоғамдық кеңесі анықталған мәселені бақылауда ұстайтынын, балалардың қауіпсіздігі мен өңірдегі қызмет сапасын арттыруға бағытталған шаралар жүйелі түрде жалғасатынын мәлімдеді.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

«Seitkhan Cup» турнирі: «QAREKET» үздік үштікте

«Seitkhan Cup» турнирі: «QAREKET» үздік үштікте

07.05.2026
«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

07.05.2026
Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

07.05.2026
Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.