Талдықорған: +18°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БИЫЛ МАҢЫЗЫ БАР АВТОЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 59 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

19.05.2022
КҮНДЕРЕК
БИЫЛ МАҢЫЗЫ БАР АВТОЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 59 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Онда мал шаруашылығын және автожол саласын дамыту мәселелері қаралды. Екінші мәселеге қатысты өзге де жауапты тұлғалармен қатар Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев өңірдегі жолдардың жай-күйі туралы баяндама жасады.

Облыс әкімінің айтуынша, биылғы жылы жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге 59 млрд. теңге бөлінген. 150 елді мекендегі көшелерді және 500 шақырым облыстық жолдарды жөндеу басталды. Жыл соңына қарай жақсы жағдайдағы облыстық жолдардың үлесі 91% жетеді. «Мықты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 1700 шақырым жолды жөндеудің барлық түрімен қамту жоспарланған.

Қанат Бозымбаев Алматы қаласынан көліктің шығуын жеңілдете түсу мақсатында жоғарғы Қаскелең трассасы мен Талғар тракты жолдарын бірінші санатқа дейін жеткізіп, қайта жаңарту көзделіп отырғанын атап өтті. Үлкен Алматы айналма жолына шығатын алты жол салынады. Саин, Абай, Рысқұлов, Солтүстік айналма көшелерін салу жұмыстары басталды. Осы жылы 8,5 млрд.теңге бөлінді. Бұл шаралар 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар жолдардың үлесін 95 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді.

— Республикалық маңызы бар жолдың тағы бір проблемалы учаскесіне тоқтала кеткім келеді. 2021 жылдан бастап «Сарыөзек-Көктал» автомобиль жолының Алтынемел асуына күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл жол облыс орталығын Кербұлақ, Панфилов аудандары арқылы «Қорғас» шекара маңы аймағымен байланыстырады. Жол төсемі 90 пайызға бұзылған. Жобаның жалпы құны – 7 млрд.теңге, оның ішінде биылғы жылы 1 млрд.теңге ғана бөлінді. Бір айдың ішінде қаржы бітетін түрі бар. Жолдың транзиттік әлеуетін ескере отырып, осы жылы қаржыландыру сомасын 5 млрд.теңгеге ұлғайтуға жәрдем беруіңізді сұраймыз, бұл облыс тұрғындарының жол жүруін қамтамасыз етеді, — деді Қанат Бозымбаев.

Баяндамада айтылғандай, 2017 жылдан бастап ұзындығы 313 км «Талдықорған — Үшарал» автомобиль жолын қайта жаңарту жүргізілуде. Бүгінгі күні 280 км, яғни 89% асфальтобетон жабыны төселген. Облыс әкімі құрылыс маусымы басынан жолдың қалған 33 шақырымында жұмыстар жүргізілмегенін айтты. Бұл жолдар бес ірі елді мекен арқылы өтеді. Ақсу, Сарқан және Алакөл ауданы халқымен кездесулер кезінде Қанат Бозымбаев жолдың барлық учаскесін аралаған. Кездесу барысында тұрғындар жолды дұрыс ұстамау мәселесін негізді көтерген. Шағын және орта бизнес те зардап шегіп отырғаны айтылған.

«Айналма жолдардың жағдайы нашар, қыста қар тазаланбаған, шұңқыр көп. Жолдың қалған учаскесін қайта жаңартуды дереу бастау қажет», — деп Қ.Бозымбаев бірқатар өзекті мәселелерге де тоқталды.

Жиын қорытындысында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жол саласы бойынша білікті кадрлар әзірлеу, жаңа құрылыс материалдары мен заманауи технологияларды қолдану мәселелерін жолдарды салу мерзімі мен сапасына тікелей әсер ететін фактор ретінде атап өтті. Проблемалық мәселелерді қарастыра отырып Премьер-Министр тиісті ведомстволар мен облыс әкімдіктеріне жоспарланған жобаларды уақытында пайдалануға беруді және бөлінген қаражатты толық игеруді қамтамасыз етуді тапсырды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

12.07.2026
Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

12.07.2026
Ата-ана, саған айтам…

Ата-ана, саған айтам…

12.07.2026
Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

12.07.2026
ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.