Талдықорған: +6°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БҰЛ КҮН – ҰЛЫ КҮН

16 қазан 2023
КҮНДЕРЕК
БҰЛ КҮН – ҰЛЫ КҮН
WhatsAppTelegramFacebook

1990 жылы 25 қазанда Қазақ кеңестік социалистік Республикасы жоғарғы кеңесінің шешімімен «Қазақ кеңестік социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданған болатын. Былтыр атаулы күн Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің ұлттық мерекесі қатарына қайта қосылды.

25 қазан – тарихи маңызы жоғары, Қазақстанның мемлекеттігіне ерекше ықпал еткен күн. Бұл – біздің егемендік жарияланған алғашқы мерекелердің бірі. Осы күннен бастап шегарамыз, нышандарымыз бекітілді, Конститутциямыздың негізі қаланды. Яғни, Тәуелсіздіктің алдындағы үлкен жетістігіміз болды. Міне, содан бері қазақ жұртшылығы 25 қазандағы мереке елді біріктірген, ынтымақтастырған күн деп ерекше қарсы алады. Өйткені, көптен күткен азаттықтың ақ туы желбіреген бұл қастерлі де қасиетті баға жетпес сыйға оңай жетпегеніміз баршамызға аян. Ата-бабаларымыз бостандық, егемендік алсақ, Тәуелсіз ел болсақ деп армандады. Еліміз егемендікке қол жеткіземіз деп қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Міне, бүгінде азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың арманы орындалып, егеменді ел атандық.  Олай болса, ата-бабамыздың асқақ арманына қолымыз жеткен бұл күн – ұлы күн.

 Бұл мерекені тойлау бір жылдары тоқтап қалып еді, Мемлекет басшысының мәлімдемесіне сай аталған күн бұдан былай ұлттық деңгейдегі мерекеге ауыстырылды. Оны жұртшылық ерекше қолдады. Күнтізбеге қарасақ, аталып өтетін мерекелер аз емес. Ал Республика күнінің басқа күндерден айшықты болуы біздің қолымызда. Өйткені, айтулы мерекенің мән-маңызы зор.  

Ендеше, баршамыз мемлекетіміздің іргесі мықты, шаңырағы биік болуына өз үлесімізді қосайық. Мерейлі мереке құтты болсын! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, мемлекетіміз жарқырап, жайнай берсін деп тілейік. Жетісу жұртшылығын айтулы мерекемен құттықтаймын! Ел іргесі мықты, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, берік болсын!

Ермек КЕЛЕМСЕЙІТ,
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Фото: ашық дереккөзден

 

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

Бүгін, 17:28
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

Бүгін, 16:39
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Бүгін, 15:21
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

Бүгін, 13:15
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

Бүгін, 12:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.