Талдықорған: +32°C
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ: ҚАЗАН АЙЫНЫҢ ҮШІНШІ ЖЕКСЕНБІСІ — ОРМАНШЫЛАР МЕРЕКЕСІ

15.10.2020
КҮНДЕРЕК
БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ: ҚАЗАН АЙЫНЫҢ ҮШІНШІ ЖЕКСЕНБІСІ - ОРМАНШЫЛАР МЕРЕКЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қарағайлы орманның төңірегінен қанатын қомдай ұшқан құстар, қарлы шыңы күнге шағылысып, мөлдір бұлағы зәм-зәм татқан тәкаппар таулар, күйбең тірліктен қол үзіп, кереметтей далаға кеңінен көз тастай кеудеңді толтыра дем алар саф ауалы орман, жасыл желегі ат бауырын сипар шүйгінді жайлау – бұл орманшылардың күнделікті қызметі өрбитін жерлер.

Қаладағы тынымсыз тұрмыстан ада, таңғажайып табиғатпен тілдесе жүріп қызмет қылу қарап тұрсаңыз кереметтей көрінер сөзсіз. Алайда бұл саланың да өз қыры мен сыры, қиындығы мен маңыздылығы баршылық.

Қазіргі таңда Алакөл ауданында Алакөл орман шаруашылығы жүйелі қызмет етуде. Жыл сайын көктемгі көшет отырғызар көкөзек мезгілде өнімдерін таратып, ауданның жасыл желекті мекенге айналуына өзіндік үлестерін қосуда.

Бүгінде мекеменің қызмет ету аумағы 168 мың гектарды құрап отыр. Үшарал, Көктұма және Тоқты орманшылықтарынан тұратын шарушалықтың жері 37 бөлікке бөлінген. Олардың барлығында да орман күтушілері еңбектенуде. Бұл бөлімшелердің 15-інде орманшыларға арналған арнайы баспана да бар.

Мекеме иелігіндегі 48 гектар аумақты қамтитын тұқымбақта қарағай, балқарағай, ақ қайың, терек, қарағаш, емен, шаған, сырықараған, сібір шыршасы, көгілдір шырша, бозарша, алма ағашы, жиде және бұдан өзге 18 ағаш түрі өсіріледі. Көктемгі және күзгі көшет отырғызу мезеттерінде аталған екпелер өңірімізді көгалдандыруға жіберіледі.

Алакөл орман шаруашылығын басқарып отырған Ғалымбек Жақанбаев: «Біздің қызмет сырт көзбен қарағанға оңай шаруаға ұқсағанымен, үлкен жауапкершілікті және ұқыптылықты қажет етеді. Орман байлығының қаз-қалпында сақталуы, ағашты алқаптың ұлғаюы, бұл жерлерді өрттен қорғау, ретсіз отын кесуден сақтау – күнделікті ісіміз. Әсіресе, жаз мезгілінде күннің ысу салдарынан көптеген өрт оқиғалары орын алып, мыңдаған гектар жасыл желекті алқап жалын құшағына еніп жатады. Бұл сан алуан жан-жануар мен құстардың мекені екендігін де ұмытпаған жөн. Сондықтан да қоршаған ортаның қорғаны болу өз өзектілігін жоғалтпақ емес», — дейді.

Бір айта кетерлігі ормандағы тілсіз жаудың алдын алу жән жедел әрекет ету үшін мұнда өрт сөндіру стансасы жасақталған. Барлығы жеті адамнан құралған жасақ тәуілік бойы орман күзетін қамтамасыз етуде. Жазғы өрт қаупі жоғарғы мезгілде қосымша тағы да үш адам маусымдық жұмысқа қабылданады. Ерекше атап өтері, жалынмен күресу мақсатында ауылдық округ әкімдіктерімен бірлесе отырып 163 адамнан тұратын 37 еріктілер тобы да жасақталған.

Бұндағы орман күзеті көліктерден бөлек мініс аттармен де қамтылған. Темір тұлпарлар өте алмайтын таулы, орманды алқаптарды аралау үшін 33 жылқы берілген. Тұлпарларын тебіне мінген орманшылар тиесілі алқаптарын күні-түні қадағалап, заңға қайшы дүниелерді орын алмауын және өрт қауіпсіздігін бақылауда ұстауда. Жыл басынан 78 рейд ұйымдастырылып, жұмыс өз жүйесімен жалғасуда.

Бүгінде өзінің тиянақты әрі ұқыпты ісімен танылып жүрген Қайрат Жәнібеков, Қанат Абайхан, Асан Омаров, Асхат Жақанбаев, Жұмағали Мадибаев, Айбек Алиханов сынды орман күтүшілерін ерекше атап өтуге болады. Өз жұмыстарына тек қызмет ретінде қарамай, барынша берілген бұл қызметкерлер өз ісінің үздіктері. Орманды қорғау бойынша жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарында, көшек отырғызу мен күтіп-баптай ісінде, өрттің алдын алу мен заңсыз қадамдарға тосқауыл қоюда да белсенділік танытып, өнімді еңбек етуде.

Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісі таңның атысы, күннің батысы бір тыным көрмейтін орманшылардың төл мерекесі аталып өтеді. Адам өмірі тағдырлас болып отырған табиғат сақшыларының қызметі көзімізге көрінбегенімен өте маңызды. Өйткені, сан мың жануарлар мекен етіп, миллиондаған тал-теректердің амандығы тікелей осы азаматтарға байланысты болып отыр.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ

Алакөл ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

10.06.2026
Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

10.06.2026
Бірлікті нығайтқан өнер

Бірлікті нығайтқан өнер

10.06.2026
Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

10.06.2026
Болашақ су мамандарына 750-ден астам грант бөлінді

Болашақ су мамандарына 750-ден астам грант бөлінді

10.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.