Талдықорған: +6°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БОЛАШАҚ ШЕКАРАШЫЛАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ — ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ

17 сәуір 2022
КҮНДЕРЕК
БОЛАШАҚ ШЕКАРАШЫЛАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ - ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің техниканы және қару-жарақтарды жөндеу басқармасында әскер қатарына шақырылушылардың Ант қабылдау рәсімі өтті. Бұл рәсімнің ерекшелігі сол, «Көктем-2022» шақырылымының шарасына жас сарбаздардың ата-ана, туғандары мен достары қатысып, қуаныштарымен бөлісті.

Бұл – пандемияның беті қайтып, карантиндік шектеулер алынғаннан кейінгі бірінші өткізіліп отырған дәстүрлі шара. Сондықтан, Ант беру секілді ұлдарының өмірінде бір-ақ рет болатын атаулы мерекеге қатысу үшін алыстан ат арылтып жеткен ата-аналардың жүздерінен өлшеусіз қуаныш пен ерекше толқынысты байқамау мүмкін емес.

Подполковник Е.Қырғызбаевтың бұйрығымен ашылған салтанатты шарада 80-нен астам сарбаз сап түзеді. Аталған басқарманың кәсіби-техникалық және дайындық бөлімінде әскери өмірдің алғашқы әліппесімен танысып, санаулы уақыттың ішінде өздерінің саптық дайындықтарын шыңдаған Отан оғландарын алда жас жауынгерлер курсы күтіп тұр. Әрі қарай ел шебіне аттанып, ҰҚК Шекара қызметінің шекара бөлімшелерінде алған мамандықтары бойынша қызмет атқаратын болады. Мұнда дизельші-электрик, автодәнекерлеушілер даярланады.

Еліміздің Әнұранымен ашылған салтанатты шараға әскери ұжымның Туы әкелінген соң техниканы және қару-жарақтарды жөндеу басқармасының бастығы, подполковник Ернат Қырғызбаев сап түзеген сарбаздарды құттықтап, шекара мен ел шебінің мемлекет үшін алар маңызына тоқталды. Бұдан кейін болашақ шекарашылардың Отанына ант беру рәсімі басталды.

Ант қабылдау рәсімінің соңы жиынға ұласып, алғашқы сөз кезегі ҰҚК Шекара қызметінің ардагері, бір кездері аталған басқарманы басқарған запастағы полковник Әлихан Артықбаевқа берілді. Саналы ғұмырын шекара қызметіне арнаған сардар жас буынның қадамына сәттілік тіледі. Мұнан кейін ата-аналар атынан сөз алған Орынтай Оспанова немересі Әлиханның да сарбаз атанғанын, шекарашы болуға өзі тілек білдіргенін мақтанышпен айтып, Отан қорғаушыларға аналық ақ батасын берді.

Жиын соңында ата-аналар басқарма басшылығымен кездесіп, өздерін толғантқан сауалдардың жауабын алды. Осылайша, араға екі жыл салып, өзінің дәстүрлі форматына қайта оралған рәсім ерекше есте қаларлықтай өтті. Ант қабылдау – жас сарбаздардың ер-азамат атанып, Отан оғландарының қатарын толықтырғанын білдіреді.

Т.ДӘУЛЕТБАЕВА,

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің подполковнигі

Қатысты жаңалықтар

Өнер өрге жүзген кеш

Өнер өрге жүзген кеш

Бүгін, 17:35
Жалғызағаштың жаңа тынысы

Жалғызағаштың жаңа тынысы

Бүгін, 16:30
Журналистер де баспаналы болады

Баспана бақыты

Бүгін, 15:30
Тамыры терең Тәуелсіздік

Ел егемендігінің бастауы

Бүгін, 14:26
Емхана – ел игілігіне

Емхана – ел игілігіне

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.