Талдықорған: +13°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Болат Назарбаевтың ұлдары әкесінен қалған мүлікті әлі бөлісіп жатыр

20.01.2025
КҮНДЕРЕК
Болат Назарбаевтың ұлдары әкесінен қалған мүлікті әлі бөлісіп жатыр

Болат Назарбаевтың ұлдарының бірі Ханболат Назарбаев Астанадағы құрылыс нысанын бауырына сыйға тартты. Ол сот шешімі бойынша бұл ғимаратты бұзуға міндеттелген, — деп хабарлайды Massaget.kz Nege.Aqsha арнасына сілтеме жасап.

Ғимарат туралы не белгілі?

Арна мәліметіне сүйенсек, 2024 жылғы 20 ақпанда Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Болат Назарбаевтың Майра Құрманғалиевадан туған ұлына Астанадағы Тәуелсіздік даңғылының бойындағы сауда ойын-сауық орталығын заңсыз салғаны үшін 103 500 теңге айыппұл салды.

Ол бұл учаскені 2020 жылы ақпанда сый ретінде алған. Осылайша, бұрын бұл жерде тұрған қонақүй кешенін бұзып, оның орнына сауда ойын-сауық орталығын құрылыс рұқсатынсыз және алдын ала ескертусіз сала бастаған.

«Сот экс-президенттің (Нұрсұлтан Назарбаевтың — еск.) немере інісін айыппұл төлетіп қана қоймай, заңсыз құрылысты бұзуға міндеттеді», — деп жазылған ақпаратта.

Ханболат Назарбаев бұл шешімге қарсы шығуға тырысқан. Ол айыппұл төлеуге ниет білдіріп, ғимаратты бұзбауға рұқсат сұраған. Алайда қалалық сот бас тартты.

Ғимараттың ендігі тағдыры

Арна мәліметінше, Ханболат бұл нысанды ағасы Данияр Кесікбаевқа сыйға тартқан. Олардың анасы бір, әкелері бөлек.

«Мәжбүрлеп бұзу туралы қаулы ҚР Әділет министрлігінің Астана қаласы Әділет департаментіне орындауға жіберілді. Департамент ақпаратына сәйкес Х.Болатұлы бұл нысанды сыйға тарту шарты бойынша Д.Кесікбаевқа бергені анықталды. Сондықтан басқарма сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы талап-арыз жолдады», — деді Астана қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысы Ғани Тәжиев.

Болат Назарбаев пен балалары туралы не белгілі?

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында Әбіш Назарбаев пен Әлжан Назарбаеваның отбасында дүниеге келген. Ол — Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші інісі, одан 13 жас кіші. Болат Назарбаевтың Нұрсұлтан Назарбаевтан бөлек тағы бір ағасы Сатыбалды 35 жасында өмірден озған. Сондай-ақ Әнипа есімді әпкесі бар.

Болат Назарбаев 1960 жылы Шамалғандағы орта мектепке барған. 1970 жылы Шамалғандағы ауыл шаруашылығы техникумын «механик» мамандығы бойынша, кейін Қарағанды қаласында заң институтын «құқықтану, заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Ал 1988 жылы Шамалғанда ауыл шаруашылығы басқармасында директордың орынбасары, 1988-1989 жылдары Қаскелең қаласындағы нан зауытында директордың орынбасары болып, 1989-1992 жылдары мал терісін сату саласында қызмет еткен, 1992-1997 жылдары «Іңкәр Арго» ЖШС вице-президенті, ал 1997 жылдан бастап «BN Invest» холдингінің директоры болған.

Болат Назарбаев бірнеше рет наградталған. Мәселен, 2010 жылы «Қарасай ауданының құрметті азаматы», 2012 жылы «Алматы облысының құрметті азаматы» атанса, 2016 жылы «Парасат» орденін алған, сонымен қатар 2015 жылы «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл», 2016 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен наградталған.

2016 жылы Болат Назарбаев «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорын құрды. 

Балалары туралы

Болат Назарбаевтың көпшілікке жақсы таныс ұлы — Нұрбол Назарбаев, ол 1983 жылы 14 қарашада туған. 

Жуырда БАҚ-та Болат Назарбаевтың мұрасына қатысты ақпарат тарады. Сол кезде оның мұрагерлерінің есімі де белгілі болды. Арасында Ханболат Назарбаев та бар.

  • Болатұлы Болатхан: 2012 жыл 7 ақпан;
  • Назарбаев Мұхаммед Болатұлы: 2021 жыл 21 қыркүйек;
  • Назарбаева Еркежан Болатқызы: 2018 жыл 18 мамыр;
  • Назарбаев Елнұр Болатұлы: 2013 жыл 19 тамыз;
  • Назарбаев Болат Болатұлы: 2014 жыл 17 қазан;
  • Назарбаев Акбар Болатұлы:  2016 жыл 23 қараша;
  • Назарбаева Нұрбану Болатқызы: 2018 жыл 9 шілде;
  • Болатқызы Томирис: 2013 жыл 30 шілде; 
  • Болатқызы Аруназ: 2016 жыл 30 қаңтар;
  • Назарбаев Ханболат Болатұлы: 2002 жыл 17 ақпан;
  • Назарбаева Альбина Болатқызы:  2003 жыл 7 маусым;
  • Назарбаев Хантөре Болатұлы:  2018 жыл 26 қаңтар;
  • Назарбаева Жанель Болатқызы: 2010 жыл 3 қараша.

Фото: saliqaly.kz

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.