Талдықорған: +15°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БІР ӘУЛЕТТЕН 18 АДАМ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕ. АСАНБЕКОВТЕР ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.05.2022
КҮНДЕРЕК
БІР ӘУЛЕТТЕН 18 АДАМ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕ. АСАНБЕКОВТЕР ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
WhatsAppTelegramFacebook

Кең-байтақ қазақ жері талайдың көз құртына айналғанын тарихтан жақсы білеміз. Туған жердің топырағын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, ұрпағының болашағы жарқын боларына сенім артқан талай бабамыз басқыншыларға қарсылық танытып, жан қиды. Соның арқасында еншімізге қалған ауқымды территория елімізді әлемдегі жері үлкен мемлекеттердің қатарына қосып отыр. Оны көздің қарашығындай сақтау – бүгінгінің бұлжымас міндеті.

Осынау асыл мұратқа берік болу үшін қазақ аналары ұрпағын отаншылдық рухта тәрбиелеп, мемлекетшілдік ұғымын санасына сіңіре беруі керек. Сонда ғана жаһандану атты аждаһаға қарсы халқымыздың рухани иммунитеті артып, жат пиғыл мен теріс тәрбиені жеңіп шығады. Оған атаның қанымен, ананың сүтімен берілетін ұлттық тәрбие ықпал етері анық.

Құдайға шүкір, еліміз ақылды аналардан, айбатты аталардан кенде емес. Сондай жандардың тәрбиесімен өсіп, Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарын толықтырып отырған Қырқабақовтар әулетін Жетісу жұртшылығы жақсы таниды. Отан қорғаушылар күніне орай хабарласып, әскери әулеттің дерегін білмек болғанымызда бар саналы ғұмырын төтенше жағдайлар саласына арнаған зейнеткер, азаматтық қорғау капитаны Бағдәулет Асанбеков бір әулеттің тарихын әңгімелеп берді.

– Қырқабақовтар әулеті өте үлкен, біз сол үлкен әулеттің тұңғыш ұлы Әбен Асанбекұлының ұрпағымыз. Бір құрсақтан 9 ағайындымыз. Солардың бәрі әскери қызметте, жетеуі Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында, екеуі азаматтық қорғаныс саласында. Үлкен-кішінің  бәрін қосқанда барлығы 18 адам әскери қызметте, – деген Бағдәулет Әбенұлы қазақ халқына тән әдет-ғұрыптың мән-жайын түсіндіріп өтті. – Әулетіміздің үлкені Рахым Асанбекұлы әкеміздің тұңғышы болғандықтан атамыздың тегін алған, қалғанымыз атамыз Асанбектің атындамыз.

Біз кейіпкерімізге: Әскери өмірге қызықтырған не нәрсе немесе кім ықпал етті?» деген сауал тастадық. Бағдәулет Әбенұлы бұл сұраққа тосылмай: «Менің ойымша, бізді итермелеген отбасындағы тәрбие дер едім. Атамыз Асанбек Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері болса, әкеміз Әбен әскерге алынғанда «офицер болсам» деп армандапты. Үш жылдық әскери борышын өтеген соң Ресейдің Красноярск қаласында қалып, әскери училищеге құжат тапсырады. Жолы болып оқуға түсіп, ел қатарлы білім ала бастағанда әкесі қарсылық танытып, үйге қайтарады. Содан болар, әкеміз балаларын Отан қорғауға баулып, әскери салаға қызықтырып өсірді», – деп жауап берді.

Үйдің үлкені Рахым ағасы Отан алдындағы борышын өтеген соң әскери училищеге түсіп, офицер атанғанда артындағы іні-қарындастары түгелдей қуаныпты. Ағамыздай болсақ деп армандапты. «Бүгінде сол аңсаған арманға қол жеткізіп, Отан алдындағы азаматтық борышымызды адал атқарып отырмыз. Неше жылдық бейнетіміздің зейнетін көретін жасқа жеттік. Атам қазақ: «Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді» – дегенді бекер айтпаса керек», – дейді кейіпкеріміз.

– Ақылшы-тілекшіміз – анамыз Күлғайша Шалбайқызы әрқашан ұрпағымен мақтанып, күллі Қазақстанға керекті әскери мамандарды өсіріп, бағып-қаққанына марқайып отырады. Қазір бауырларым әскери полиция, шекара қызметі, әскери теңіз флоты, Қорғаныс министрлігі және Төтенше жағдай министрлігіне қарасты мекемелерде қызмет атқарып, еліміздің өркендеуіне өзіндік үлес қосып келеді. Жеңгелерім, келіндерім, қарындасым осы салада еңбек етіп отыр.

«Атадан ұл туса – игі, ата жолын қуса – игі» дегендей ұлым Бағлан Әбенов көршілес Ресейдің Томск қаласындағы политехникалық университетті бітіріп, менің жолыма түссем деп жүр. Ұшқан құстың қанаты талып, шапқан аттың тұяғы қызатын ұлан-ғайыр жерімізді қорғайтын ұрпағымыз көп болсын! Біздің міндет – халыққа қызмет, Отанды қорғау және құтқарылған адамдар еңбегіміздің жемісі! – дейді Бағдәулет Әбенұлы.

Адам өзі жетпеген биікке баласының шыққанын қалайды. Сол арқылы абыройы өсіп, мәртебесі биіктейді. Осынау адамзаттық арманның жүзеге асқанын Қырқабақовтар әулетінен көріп отырмыз. Жетісудің төрі – Текелінің тұмса табиғатынан нәр алып өскен ұрпағын асқақ арманға ұмтылдырып, Отанға адал қызмет етуді үйреткен Әбен Асанбекұлының аманаты бүгінгі күні толық орындалғандай. Артынан ерген ұрпағы Қазақстан Республикасының тыныштығын күзетіп, бейбітшілігін сақтау жолында тынбай еңбектенуде.

Бүгінгі өскелең ұрпақтың санасына отаншылдық ұғымын енгізіп, ұлттық тәрбиені сіңіру аса маңызды. Ендеше, әскери саланы өркендететін осындай әулеттердің қатары көбейе берсін!

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Елде бензин мен дизель өндірісі артты

Елде бензин мен дизель өндірісі артты

12.05.2026
Қазақстан Қорғаныс министрлігі Халықаралық дзюдо федерациясымен меморандумға қол қойды

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Халықаралық дзюдо федерациясымен меморандумға қол қойды

12.05.2026
Спорт: 11-17 мамыр күндері өтетін жарыстар кестесі

Спорт: 11-17 мамыр күндері өтетін жарыстар кестесі

12.05.2026
Тұзды көп тұтынудың денсаулыққа әсері қандай?

Тұзды көп тұтынудың денсаулыққа әсері қандай?

12.05.2026
Алакөл ауданында 12 шақырым жол пайдалануға берілді

Жетісуда 1600 шақырымнан астам жол жөнделді

12.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.