Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БІРЕГЕЙ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

27.11.2023
КҮНДЕРЕК
БІРЕГЕЙ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Көксу ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты Батыржан Оңғаров атындағы стадионның футбол алаңы салтанатты түрде ашылды. Мерекелік шараға облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ арнайы қатысып, көксулықтарды айтулы күнмен құттықтады.

 «Қазақстан футбол Федерациясы» Ассоциациясы Батыржан Оңғаров атындағы стадионның футбол алаңына жаңарту  жұмыстарын жүргізуді қайырымдылық келісім-шарты арқылы жасады. Нәтижесінде 197 миллион 823614,9 теңге қаражатқа заман талабына футбол алаңы көксулықтардың қолданысына берілді.

Көксулықтарды арнайы құттықтаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев жастардың спортпен шұғылданып, бос уақытын тиімді өткізуіне барынша жағдай жасалғанын айтты.

 – Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадионының футбол алаңы жаңарған, жаңғырған кейіпте пайдалануға беріліп жатқаны бәріміздің ортақ қуанышымыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында бұқаралық спортты дамыту, оған мейлінше көңіл бөлу турасында алдымызға үлкен міндет жүктеген болатын. Сол міндетті мінсіз атқаруда біршама жұмыс жүргізіліп келеді. Биыл 14 спорт нысанының құрылысы үшін облыс бюджетінен 8,1 миллиард теңге бөлінді. Соның 6-уы пайдалануға берілді. Атап айтқанда, бұлар – спорт кешендері, күрес залы, орталық стадион сияқты маңызды нысандар. Осындай қолдаулардың арқасында осы ауданнан да күні ертең есімін әлем білетін Әбілсейіт Айханов, Аманжол Бұғыбаев, Мәулен Мамыров, Нұрбақыт Теңізбаев, Асхат Жіткеев, Айдын Смағұловтардың, Жәнібек Әлімханұлы сияқты ел мақтаныштары шығатынына сенімдімін. Өңіріміздегі басқа да спорт түрлеріне меценаттар мен кәсіпкерлер де қолдау көрсетуде. Мысалы, жыл соңына дейін «Жетісу» кәсіпқой волейбол клубының спортшыларына арналған 4 қабатты тұрғын үй ғимаратының, келесі жылы үстел теннисі орталығының құрылысы аяқталады. Қайта жаңғырған орталық стадион көптің игілігіне жарап, жастарды жігерлендіріп, спортта биіктерге талпындыра берсін, – деген облыс басшысы федерация басшылығына жетісулықтардың атынан ризашылығын білдірді.

Футбол федерациясының  президенті Әділет Барменқұлов жерлестерін қуанышты күнмен құттықтап, ақ тілегін арнады. Бұқаралық спортқа көңіл бөлуді басты мақсаты санаған ол алдағы 3 жылда дәл осындай футбол алаңы еліміздің 20 қаласында және 50 ауданында салынатынын айтты.

 Қазақстанның ұлттық құрама командасының бас бапкері Магомед Адиев нағыз спортшылар ауылды жерден шығатынын тілге тиек етіп, бұқаралық спорттың артуына қолдау білдірген Мемлекет басшысына, облыс әкіміне алғысын жеткізді. Ал жобаның бас демеушісі Кирилл Милички «Алан» жобасы бойынша жаңарған стадионды халық игілігіне пайдалансын деген ойымен бөлісіп, көксулықтарды құттықтады.

Жауапты мамандардың айтуынша, футбол алаңының ескі жабыны мен төселген топырағы толығымен алынған. Мердігер өз жұмысшыларын, техникасын пайдаланып ең бірінші ірі тас, геотекстильдер, қиыршық тас төсеп, кейін сұрыпталған таспен жапқаннан кейін ғана жасанды жабын төсеген. Оның үстіне ұсақталған кварц құмын, ұсақталған құм шайырын арнайы жапқан. Техникалық талаптарға сай су ағарлар салған. Мұндай жұмыстың барлығы спортшылардың қауіпсіздігі үшін жасалған. Жасанды жабынмен жаңартылған футбол алаңы халықаралық талаптарға сәйкес барлық құралмен жабдықталған. Болашақта түрлі жаттығуды, аудандық, облыстық, республикалық жарыстарды жоғары деңгейде  өткізуге дайын.

Облыс басшысы Бейбіт Өксікбайұлы мен футбол федерациясының  президенті Әділет Назарбайұлы салтанатты түрде лента қиып, алғашқы доп теуіп, ойынды бастап берді. Салтанатты шараға жиналған көпшілік жаңа алаңда «Жетісу» мен Көксу ауданының командасының жолдастық ойынын тамашалады.

Еңлік КЕНЕБАЙ,

Көксу ауданы

 

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Алакөлдегі алаңсыз күндер

Алакөлдегі алаңсыз күндер

28.07.2026
«Бес тапалдың» бірі еді…

«Бес тапалдың» бірі еді…

28.07.2026
Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

28.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Елдік дәстүрдің өзегі

28.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Тиімді диалог алаңы

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.