1992 жылдың дәл осы күні егемен Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран алғаш рет ресми түрде бекітілді. Бұл күн — еліміздің тарихында ерекше маңызға ие, өйткені ол біздің тәуелсіздігіміздің айшықты белгісі ретінде жадымызда сақталады.
Содан бері Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тұтастығының, халқымыздың бірлігі мен ынтымағының нышанына айналды. Олар – бейбітшілік пен келісімді, ұлттың рухани бірлігін, болашаққа деген сенімін және дамуға деген ұмтылысын бейнелейтін басты құндылықтар.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу — әрбір азаматтың қасиетті парызы. Бұл күн — барша қазақстандықтар үшін мақтаныш пен патриоттық сезімді арттыратын, ұлттың рухын көтеретін маңызды мереке.