Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Отбасылық өмірге қадам басқандардың дені жаз айларында жұптасуды жөн көрген екен. Мәселен, маусымда 11, шілдеде 13, тамызда 12 мың қыз-жігіт неке қиған.
Бұл жайлы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ бюро қызметкерлері ажырасқандар жайында да ақпарат таратты. Айтайық, былтыр 40 мың отбасы ажырасқан. Тұрмыста тіл табыса алмағандардың ішінде қалалықтардың қатары қалың.
Ажырасудың мың адамға шаққандағы жалпы коэффициенті 2 пайыздан асады. Маусым – 11 675 Шілде – 13 739 Тамыз – 12 936 Қала — 30,1 мың Ауыл — 10,4 мың.