Талдықорған: +24°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Депутат Жаңбыршин ЛГБТ насихатына толық тиым салуды ұсынды

14.03.2025
КҮНДЕРЕК
Депутат Жаңбыршин ЛГБТ насихатына толық тиым салуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда қандай мәселелерді көтергенін айтты.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ertenmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық құрылтайдың бірінші күнінде «Руханият. Өнер. Мәдениет» секциясының отырысы өткен. Осы отырыста құрылтайдың 21 мүшесі өз ой-пікірін бөліскен.

Депутат мемлекеттік тіл мәртебесін одан әрі көтеру бойынша мынадай ұсыныстар жасады.

«Мемлекеттік қызметке қабылданушыларға қатысты тестте қазақ тілінің нәтижесі бірінші кезекте ескерілуі қажет. Қазіргі жағдайда тест тапсырушы тұлға қазақ тілінен нөл нәтиже алса да мемлекеттік қызметке қабылдана береді.

  • Тұрғындарының 90% астамы қазақ ұлтынан тұратын өңірлерден бастап, мемлекеттік органдарда іс-қағаздарын тек мемлекеттік тілде жүргізу процесін бастау.
  • Басқа өңірлердің мемлекеттік органдарында іс-қағаздарын тек мемлекеттік тілде жүргізуді, қазақ ұлтының үлесін ескере отырып, кезең-кезеңмен жоспарлы түрде өткізу», — деп жазды ол.

Еділ Жаңбыршин Мұрын жырау Сеңірбекұлының мұрасын, яғни «Қырымның қырық батыры» жырларын зерттеу, зерделеу және насихаттау керек екенін жеткізді.

  • «Мұрын жырау мұрасын ЮНЕСКО-ның бейматериалдық құндылықтар тізіміне енгізу;
  • «Қырымның қырық батырын» білім ордаларының (мектеп, колледж, ЖОО) оқу бағдарламаларына енгізу;
  • республикалық деңгейде арнайы аталып өтетін тұлғалардың тізіміне Мұрын жырау Сеңгірбекұлын енгізу», — деді ол.

Депутат ЛГБТ насихатына толық тиым салатын заң нормасын енгізудің уақыты келгенін айтты.

«Тиісті мемлекеттік органдар бұл мәселеде Парламент депутаттарын толық қолдаулары қажет!» — деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ, мәдени-көпшілік шараларда фонограммамен ән айтуға тиым салуды ұсынды.

«Министр Аида Балаева таланттарды шығаруда бұл мәселені қолдайтынын, барлық тараптармен бұл мәселені жан-жақты талқылап, шешім қабылдау керектігін айтты», — деп жазды депутат.

Жаңбыршин дубляж мәселесін де тілге тиек етті.

«Қазақстанға шет елден келетін көркем фильмді дубляж жасауды бір компания алып алған, яғни монополист. Ол компания дубляжды тек басқа тілде аударып отыр, фильмдерді мемлекеттік тілге аудару жоқтың қасы. Енді осы компанияға фильмдерді мемлекеттік тілге аударуға талап қою немесе лицензия талаптарын қайта қарап, бәсекелестік жағдай жасап, басқа да дубляж жасайтын компанияларға жол ашу қажет», — деді ол.

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады.

Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.

Фото: Orda.kz

Қатысты жаңалықтар

Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

14.05.2025
Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

14.05.2025
43 градус: ертең бірқатар өңірде аптап ыстық болады

43 градус: ертең бірқатар өңірде аптап ыстық болады

14.05.2025
Қазақы қалжың

Қазақы қалжың

14.05.2025
2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.