Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Дидарғайып кездесу

28.11.2023
КҮНДЕРЕК
Дидарғайып кездесу
WhatsAppTelegramFacebook

Сарқан ауданына жасаған жұмыс сапарымыздың екінші бөлімі тұрғындармен кездесумен жалғасты. Ақжаулықты аналар, ақсақалды қариялармен жүздесуде тарихы тереңде жатқан газетке жазылуды ғана насихаттап қоймай, үлкендердің айтарын тыңдап, оқырмандармен біраз ой саралап қайттық.

«Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді» дегендей, «Ардагерлер үйіне» кіргенде алдымыздан қарсы алған ақсақалды қарияларға қарап, бір марқайып қалдық. Жиын басында бас редактордың орынбасары Мәди Алжанбай жиналған ардагерлерге ізгі тілегін білдіріп, алғысын айтты. Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадыл Жанасбеков журналистерге жиналған жұртшылықты таныстырды.

– Бұл жерде ауданның ең белсенді азаматтары жиналды. Соның ішінде білім, денсаулық, шаруашылық, кәсіпкерлік саласында қызмет еткен жандар отыр. Мемлекет қызметі саласында 30 жыл еңбек еткен Шолпан Ғабдолданқызы, Гүлшарбан Мырзабайқызы білім саласында, Раиса Радионовна, Надежда Сергеевна, Валентина Ивановна сынды тұлғалар өз салаларының үздіктері атанған жандар. Ауданда жалпы 5840 ардагер бар. Олардың екеуі Ұлы Отан соғысына қатысушы, 112-сі тыл ардагері. Жалпы ұйымның негізгі мақсаты – өскелең жас ұрпақпен кездесулер ұйымдастырып, қазақы тәрбиені дәріптеп, жастардың патриоттық сезімін ояту. Сондай-ақ, ұлтаралық татулық, тұрақтылық сақтап қалудың маңыздылығын кейінгі ұрпаққа жеткізуді көздейміз. Жақында аудан орталығында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылған еді. Соның артынан облыс әкімінен хат түсіп, енді «Ұзақ белсенді ғұмыр сүру» орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл қаладағы зейнеткерлердің уақытын тиімді өткізуге қолайлы жер болмақ, – дейді Қадыл Тұрысбекұлы.

Ауданның Құрметті азаматтары мен ардагер ұстаз, дәрігерлер қатысқан жиында өзекті мәселелердің жайы қозғалды. «Соның бірі – газетте бұрынғыдай телеарна аңдатпасының шықпайтындығы. Расымен де, бұрын республикалық, облыстық басылымдарда әр арнаның  апталық жоспары болатын. Яғни, қай уақытта қандай шығарылым немесе кино, бағдарлама болатынын қарап отыруға ыңғайлы еді», – дейді ауыл тұрғыны Қадыл Қожасбаев. Әрине, қазіргідей цифрландыру кезеңінде қарияларға электронды жүйемен жұмыс істеу қиындық тудырады. Егер, халықтан мұндай ұсыныстар түссе, телеарна бағдарламасын қайта шығаруды қолға алсақ болады.

Тұрғындардың көңілі толмайтын кезекті бір мәселе, қалалық автобустың сенбі, жексенбі күндері жүрмеуі.

– Қазір халықтың талғамы бар. Уақыттарын үнемдеу үшін такси жалдап жүреді. Бірақ, такси жүргізушілерінің демалыссыз жұмыс істегенінен  жазатайым жол апатына ұшырап жатқандар да бар. Автобустар шетелден келетіндіктен қосалқы бөлшектері де сырттан әкелінеді. Жанармайдың бағасы да шарықтап тұр. Қала ішіндегі автобустар кәсіпкерлердің қолдауымен жүріп жүр. Кез келген уақытта сынып, істен шығуы мүмкін автобустарды жөндеу үшін Үкіметтен арнайы субсидия бөлінсе, – деген Жәлел Сасанбаев есімді зейнеткер қоғамдағы өзекті мәселенің түйінін түсіндіріп өтті. – Одан бөлек теледидарда барлығы орыс тілінде. Тұтас мемлекет болып отырып, өзге тілде жиналыс өткізу жаныңа қалай батпайды?! Қазір үлкен де, кіші де телефонда отыр. Екінің бірі саясаткер болып кетті. Себебі, ақпарат ұялы телефонмен жедел жетеді. Қысқа әрі жылдам келетін ақпараттың шынайылығы белгісіз. Ал, нақты әрі шынайы ақпарат алу үшін газет оқуымыз керек.

Тағы бір өзекті мәселе – газет-журнал аптасына жиналып, 1 рет таратылады екен. Қарт оқырмандар жаңалықты дер кезінде оқығысы келетінін айтады. Бұл жайт пошта қызметкерлеріне қанша рет айтылса да мәселе шешілер емес.

Жиын соңында қазыналы қарттардың ақ батасын алып, аздаған сый-сияпатымызды табыстап қайттық.

Айғаным АЙТМҰХАН
Суретті түсірген Руслан ҚАДЫРОВ
 

Қатысты жаңалықтар

Шекара шебінде өткен шаралар

Шекара шебінде өткен шаралар

28.07.2026
Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

28.07.2026
Алакөлдегі алаңсыз күндер

Алакөлдегі алаңсыз күндер

28.07.2026
«Бес тапалдың» бірі еді…

«Бес тапалдың» бірі еді…

28.07.2026
Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.