Талдықорған: +29°C
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Достық мекені

29.08.2026
КҮНДЕРЕК
Достық мекені
WhatsAppTelegramFacebook

Нағашы атамның ауылы біздің ауылдан әлдеқайда шалғай орналасқан. Ол жаққа бала күнімізде жиі барып тұрушы едік. Есейе келе онымыз сиреді. Қалада жоғары оқу орнын тамамдап, қызыл дипломды маман атанған соң неге екенін қайдам, нағашыларыма баруға ықыласым ауды да тұрды. Сол күннің ертесі барахолканың артындағы автотұраққа барып, Ақсуатқа жүрер автобусқа жазылдым. Мұнда ешқашан билет сатылған емес, алдын ала көлік жүргізушісіне жол-пұлыңды төлеп жазыласың. 

Шығыстағы төрт аудан Зайсан, Мақаншы, Тарбағатай, Ақсуатқа адам, тауар тасымалдайтын жүк көліктері осы жерден жүреді. Таң бозында бір жағынан жолаушылар келіп, түсіп жатса, келесі бірі жүктерін арқаланып, тиеліп жатады. Ығы-жығы тіршілік осылай қыж-қыж қайнайды.

Не керек, әйтеуір, ертесінде түс әлетінде 50 адамға арналған «setra» автобусына отырдым. Көлік Алматының негізгі көшелерінің бірімен жүйткіп келді де Алатауды шалғай қалдырып, жүрісінен жаңылмай ақтабанға түсті. Алда әлі Қонаев, Талдықорған, Үшарал қалалары бар. «Ұйықтап кетсем бе» деген ой санамды түртпектеп келеді. Ыстық күнде, ыстық көлікте бірден ұйықтап кету мүмкін емесін де түсінем.

Әуелгідегі абыр-сабыр, у-шу саябырсыған. Айналама зер салып қарасам, қысық көзді кәрістің, соларға ұқсас қозы қарын, ашаң жүзді қазақтың, сары үрпек орыс пен аққұба немістің балалары бар бәріміз бір көлікте келе жатырмыз. Ұйғыр әлде шешен нақ ажырата қоймадым сол қапталымда да шиттей бала көтерген келіншек отыр.

Бір аңғарғаным, осы адам тасымалдаушы жүк көлігіндегі адамның барлығы бір ауданның тұрғындары. Олар үшін менен басқа бөтен жан жоқтай.

4-5 сағат өтсе де көзіме ұйқы келемеді. Жол қысқарту үшін әңгімелесе қоймаққа айналамды көзбен сүзіп, адам іздеймін. Түсінем, бәрі ыстықтап келеді. Шүйіркелесуге зауықтары жоқ. Тек үрке қараған көздерді көрем. Абтобуста күбір-күбір еткен балалардың үні ғана естіледі. Құлақ салсам ешбірінің аузында бөгде сөз жоқ, барлығы қазақ тілінде үн қатысады.
Орыс бала:
– Әкем маған Кавказ овчаркасын әкеліп берді. Түрі қорқынышты. Өскенде сенің Ақтөсіңді шайнамай жұтатын болады.
Неміс бала:
– Иә, саған… Ақтөстің жеңілгенін қашан көрдің? Былтыр қыста қораға түскен қасқырдың өзі одан таланып өлді емес пе?!
Орыс бала:
– Соқ өтірікті. Көрші Валодия ата сенің ағаңның атып алғанын айтты ғой.
Неміс бала:
– Жоға. Ақтөстің жағы оның алқымында қарысып қалды. Соны ажыратам деп ағам иттің аузына мылтықтың басын тықты. Сол кезде атылып кетті. Оған дейін қасқыр өліп қалған болатын, – дейді ол.
Екеуінің талас-тартысы біразға дейін жалғасты. Бір-біріне дес берген емес.
Көзім ілініп кетіпті. Күн ұясына қонар тұста ояндым. Жаңаға екеуінің әңгімесінің ауаны өзгеріпті. Еріксіз езу тарттым. Екеуі өздерінен бір орындық алда отырған кәріс қызын қағытып келеді.
Екеуі кәріс қызға:
– Сен Якутсың, – дейді.
Ол:
– Жоқ. Мен – қазақпын. Ата, аналарға айтшы мен қазақпын ғой.

Атасы күлгені болмаса, ештеңе дей қоймады. Оған автобустағылар да қосылып күліп келеді.

«Мен қазақпын ғой…» Осы сөзді айтқан бүлдіршіннің үні неткен тұнық еді?! «Иә, айналайын, сен қазақсың. Езуіне күлкі үйірген, құжатында ғана кәріс деп жазылған, сенің атаң да қазақ. Өйткені қазақ жайлаған мына ұлан-ғайыр атыраптың мейірім уызына жарыған қаншама ұлыс бар, ұлт бар, соның бәрі қазақ» дегім келді іштей.

Терезеден сыртқа көз салып едім көк автобус қара түнді қақ жарып, қара жолды жеп келе жатқандай көрінді. Әлгіндегі гүбір-гүбір дыбыс қазір мүлде жоқ. Айналамдағылардың бәрі пысылдап ұйқыға кеткендей. Әрнені бір ойлап, ойға шомып отырған мені мен жүгізуші ғана сияқты.

Осы біздер «қазақ не көрмеді?» дейміз ғой. Не көрсе де туған тілі мен туған жерінен түбегейлі айырылмаған екен-ау. Қысқасын айтқанда, басын бәйгеге тігіп, бәрін сақтап қалған. Өзін ғана емес, өзгелерді де сақтаған. Бір түйір дәнімен бөліскен біздің ата-бабамыз нағыз жомарт болған екен ғой.

Өзге ұлт өкілдері қазақ жеріне негізінен XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында жаппай қоныстана бастады. Бұл үдеріс бірнеше кезеңнен тұрды. Патша үкіметінің отарлау саясаты: Ресей империясының реформасынан кейін және Столыпин аграрлық реформасы тұсында Ресейдің орталық аймақтарынан шаруалар мен казактар қазақ даласына жаппай көшірілді. Сондай-ақ теміржол құрылысына байланысты басқа да ұлт өкілдері жеткізілді. Кеңестік қуғын-сүргін және депортация: тоталитарлық жүйе кезінде КСРО-ның басқа аймақтарынан немістер, шешендер, ингуштар, кәрістер, қарашайлар және басқа да көптеген этнос қазақ жеріне күштеп жер аударылды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары: соғыс кезінде майдан шебінен қауіпсіз аймақ ретінде Қазақстанға мыңдаған эвакуацияланған завод, фабрика мен адам көшіріліп әкелінді. Тың игеру жылдары: Кеңес одағының түкпір-түкпірінен жүздеген мың ерікті-жас тың және тыңайған жерлерді игеруге келді. Осылардың арасынан тек бөтен ойы жоқ, қазақтың адамгершілігін бағалағандары ғана бұл топырақта мәңгілік бекіп қалып қойыпты-ау.

Осылай ойға шомып отырғанда таң да қылаң беріпті. Автобустан аудан орталығына жетпей, Екпін ауылының тұсынан түсіп қалдым. Атамның үйі де күрежолдың жанында еді. Осы бір кішкентай ғана ауылда орыс, неміс, кәріс, шешен де тұратынын бұрыннан білетінмін. Тату-тәтті тірлік кешіп жатқандарын да еститінмін. Соның бәрін көзбен көру менің де пешенеме жазылған сияқты.

Ауыл жұрты ояна бастаған сыңайлы. Әр тараптан адам мен мал үні араласа шығады. Сәкіде отырған мені атам мен апам әуеліде көре қоймады. Өріске мал шығармаққа екеуі де қора жаққа қарай беттеп барады. Сырттарынан үндемей ғана бақылап, іздерін баса арттарынан ердім. Біраз уақыт қастарында жүргенімді аңдамады. Апам сиыр саууға қамдана бергенде бұзаудың мойнындағы басжіпті шап беріп ұстап, тарта бергенім сол еді: – Әй, шал, мынаны қара, – деді. Ыржыңдап мен тұрмын. Күлкімді зорға тыйып барып, екеуін құшақтап амандастым.

Мал да өріске кетті. Апам шайдың қамына кірісіп, әп-сәтте дастарқанын әзірледі. Үйдегі ұйықтап жатқан басқа немере-балалары тұрғанша, апам мен атамның тергеу сұрақтарына кезек жауап бере отырып, таңғы шаймызды іштік.
Атам:
– Келгенің дұрыс болды. Бүгін көрші Беріктің үйінде той. Біздің балалар шөп шабуға кетеді. Екеуміз Берікке көмектесеміз, – деді.

Атамның Берік деп отырғаны неміс азаматы Бертольт. Оны да сол кісінің үйінде шаруасына болысып жүріп естідім. Бірақ ол күллі ауыл үшін Берік. Не керек, Бәкеңнің де тойын сол күні кешке дүбірлетіп, ауыл болып өткіздік.

– Ата, ауылдарыңда өзге ұлттар көп қой, бәрі қайдан келген, бір-біріңмен қалай сыйысып жүрсіңдер?, – деп атамды сөйлеткім келіп әдейі сұрақ қойдым.

– Балам, ел деген бір күнде құрылмайды. Елді ел ететін – адамдардың бір-біріне жасаған жақсылығы. Бір күні сол жақсылықтың қайтып келіп, ұрпақтардың тіліне, мінезіне, салтына айналғанын көресің. Біздің сыйысып жүргенімізді осы жерден ізде. Олардың қайдан келгенін оқып жүрген сен менен артық білуің керек, – деді де әңгімені қысқа қайырды.

Атамның осы бірауыз сөзі менің көңіліме ұзақ уақытқа ұялап қалды. Расында да елді ел ететін – оның жер көлемі де, байлығы да емес, адамдардың бір-біріне деген құрметі мен жүрегіндегі мейірімі екен. Екпіннің қарапайым ғана көшесінде орыс, неміс, кәріс, шешен мен қазақтың бір-бірін жатсынбай, қуанышын бірге бөлісіп, қайғысын бірге көтеріп отырғаны – соның айқын дәлелі. Сол сәтте әлгі автобустағы кішкентай қыздың «Мен қазақпын ғой» деген тұнық үні қайтадан құлағыма келгендей болды. Иә, бұл мекенде әркімнің өз тілі, өз тарихы, өз тағдыры бар шығар. Бірақ бәрін біріктірген ортақ шаңырақ, ортақ мекен, ортақ мейірім бар. Мен сол күні туған жерге ғана емес, татулықтың қадіріне сапар шеккенімді түсіндім. Атамның «Елді ел ететін – адамдардың бір-біріне жасаған жақсылығы» деген сөзі көкірегіме қазық болып қағылды. Сол қазықтың аты – достық еді.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Достық мекені

Достық мекені

29.08.2026
Аңыз айтып тұрғандай

Аңыз айтып тұрғандай

29.08.2026
Жаңа оқу жылы: міндеттер мен мүмкіндіктер

Жаңа оқу жылы: міндеттер мен мүмкіндіктер

29.08.2026
Қоршаған ортаға жауапкершілік артуда

Қоршаған ортаға жауапкершілік артуда

29.08.2026
Қарты бар ел – қазыналы

Қарты бар ел – қазыналы

29.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.