Талдықорған: +15°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖОЛ ТАЗАЛАУҒА 114 АДАМ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

13 қаңтар 2021
КҮНДЕРЕК
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖОЛ ТАЗАЛАУҒА 114 АДАМ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен жылды жұқалтаң қармен шығарып салған жұртшылық бір-ақ күнде ақ ұлпаға қарық болды. Мұндайда қиындық ең алдымен тас жолдарда арлы-берлі жүйткитін автокөліктерге түседі. Сондықтан да қар тазалау жұмыстары қарқынды жүруі керек. Бұл жұмыстарды қамтамасыз ететін тиісті мекемелер сақадай-сай отырғанын көрсетті. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Таң қараңғылығынан қар тазалайтын техникалар міндеттерін ойдағыдай атқаруға кірісті. Біз Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысына хабарласып, жұмыстың қалай жүріп жатқанын сұраған едік.

– Күре жолдарды қардан арылтуға 61 техника, 114 адам жұмылдырылды. Олардың барлығы шұғыл қимылға кірісті. Жолдарды қалыпқа келтіріп жатыр. Алдағы уақытта да тәулік бойы толассыз еңбек ететіндері анық. Басты мақсат – жолға шыққан көліктердің апатты жағдайлардан аман болуын қамтамасыз ету. Мүмкіндігінше, алыс сапарларға шықпауды ескертіп жатыр. Ең қауіпті нәрсе – көктайғақ. Жолға құм шашып, тұз себуді барынша жылдамдатуда. «ДЭУ-21», АБЗ Карьер ДРСУ, «ДЭУ-91» мамандандырылған мекемелер белсенділіктерін арттыра түсті. «Алматы – Шелек – Қорғас» бетон жолын ретке келтіру үшін 23 техника бөлінді. Осының арқасында жол қатынастары талапқа сай реттеліп жатқанын айтуға болады, – дейді аудан әкімінің баспасөз хатшысы Динара Төлемісова.

Жапалақтап жауған қар көліктердің қозғалысын баяулатып, кептеліс тудыруда. Солай десек те, жүргізушілер жол ережелерін сақтауға барынша назар аударады. Адамдардың бірін-бірі түсінгені, құрметтегені мұндай жағдайда үлкен рөл атқарады.

– Ауа райының қолайсыздығына қарамастан мен де өз жұмысыма кірістім. Себебі, таксиді қажет ететін жолаушылар жеткілікті. Қолымыздан келгенше міндетімізді ойдағыдай атқаруға тырысып жатырмыз. Қардың жауатыны күні бұрын хабарланды. Соған сай дөңгелектерді тағы бір тәптіштеп тексердік. Ақырын жүруге тырысамыз. Өйткені, жолаушылардың аман-саулығы – ең басты қажеттілік, – дейді өзін Нұрлан Берікұлы деп таныстырған такси жүргізушісі.

Болат МӘЖИТ

Еңбекшіқазақ ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Цифрландыру – заман талабы

Цифрландыру – заман талабы

Бүгін, 13:30
Елге екінші Airbus A400M Atlas ұшағы әкелінді

Елге екінші Airbus A400M Atlas ұшағы әкелінді

Бүгін, 13:15
«Таза Қазақстан»: Сарқандағы күзгі сенбілік

«Таза Қазақстан»: Сарқандағы күзгі сенбілік

Бүгін, 12:45
Әзербайжан мен Қазақстан Алят портында жаңа жүк терминалын салады

Әзербайжан мен Қазақстан Алят портында жаңа жүк терминалын салады

Бүгін, 12:15
Текелідегі қоймаларда қанша тонна көмір бар?

Текелідегі қоймаларда қанша тонна көмір бар?

Бүгін, 11:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.